Жасанды интеллектінің балаларға арналған нұсқасы іске қосылады

Илон Маск өзінің жасанды интеллектісі – Grok-тың балаларға арналған нұсқасы әзірленіп жатқанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы миллиардер бұрынғы Twitter, қазіргі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Біз xAI жобасы аясында балалар контентіне бағытталған Baby Grok-ты жасаймыз, — деді ол.

The Economic Times басылымының хабарлауынша, бұл сервис – қазіргі Grok жүйесінің жеңілдетілген нұсқасы болып табылады. Ол балалармен қауіпсіз, танымдық әрі қызықты қарым-қатынас жасауға арнайы бейімделген.

Baby Grok – негізгі Grok моделінен бөлек жұмыс істейтін жеке қосымша ретінде әзірленуде. Бұл қатал модерациямен қамтамасыз етілетін чат-бот. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз әрі жағымды цифрлық орта қалыптастыру.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...