12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жасанды интеллект дәуіріндегі сот

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялады. Мұның себебі белгілі. Бүгінде бүкіл әлем осы бағытта дамып, сандық технология көмегімен барлық саланы ілгерілетуге басымдық беріп отыр. Осындай кең ауқымды үдерістен кеш қалу елдің дамуын тежеумен тең.

Цифрландыру мен жасанды интеллект жетістіктерін қолданудың маңыздылығы Президенттің былтырғы жолдауына да арқау болған. Осы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде шешуші қадамдар жасап, үш жылдың ішінде цифрлық елге айналуы тиіс» деген нақты тапсырмасын жүктегені белгілі. Бүгінде барлық салада осы бағытта ауқымды шаралар қолға алынып, тындырымды жұмыстар жасалуда.

Сот билігі де цифрландыру үрдістерінен тыс қалмай, жаңа реформаларда жаңашылдықтарды қолдануға мән беріп отыр. Цифрлық жүйенің тиімділігін түсінгендіктен сот жұмысына жаңа технология жетістіктері ерте бастан енгізілгенінен жұртшылық жақсы хабардар. Алғашқы рет «Сот кабинеті» мобильдік сервисінің пайда болып, «Төрелік» жүйесінің енгізілуі, сот отырыс залдарының тұтастай дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен қамтылып, сот істерінің судьяларға компьютердің көменімен автоматты түрде бөлінуі, сот отырыстарының онлайн өткізіліп, куәгерлердің қашықтан процеске қатысуына мүмкіндіктің берілуі – жаңа технология көмегімен тәжірибеге енгізілген іргелі өзгерістер. Қазақстанды цифрландырудағы ең маңызды жетістіктердің бірі — 2016 жылы іске қосылған кешенді ақпараттық-талдамалық «Төрелік» жүйесі. Бұл жүйе іс жүргізу, сот ісін жүргізу, соттардың жұмысын жоспарлау және сот статистикасына талдау жасау мүмкіндіктерін автоматтандыруды біріктіріп, жасанды интеллект саласында үздіксіз жетілдіріліп келеді. Ал «Сот кабинеті» онлайн платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалар құжаттарын сотқа тапсырып, істерді қадағалап, сот актілерін электрондық түрде ала аладыды. Жоба тиімділігін көрсеткендіктен бүгінгі таңда сотқа жолданатын өтініштердің 80%-дан астамы «Сот кабинеті» арқылы беріледі.

Соттағы мұндай жағымды өзгеріс тек қолайлылық пен жеделдікті ғана емес, сонымен қатар ашықтықты арттырып, бюрократияны қысқартып, құқықтық мәдениетті нығайтты. Цифрлық технологияларды енгізу азаматтардың сот процестеріне қатысуын жеңілдетіп, соттардың жұмысын жеңілдетуге көмектескенін, сондай-ақ елімізде біртұтас сот актілері дерекқорының құрылуына ықпал еткенін айта кеткен орынды.

Жақсы істер мұнымен тоқтап қалмаса керек. Оның үстіне, бұған Мемлекет басшысының тапсырмасы да қозғау салып, қадамды нықтауға көмектесері анық. Бүгінде Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиевтің жетекшілігімен сот жүйесінде жасанды интеллектті пайдалану бойынша қарқынды іс-шаралар қолға алынуда. Соның ішінде сот актілерінің жобаларын дайындауға көмектесетін робот-ассистенттердің пайда болуы, сот тәжірибесін цифрлық талдау сервисінің енгізілуі, істердің нәтижесін болжауға мүмкіндік беретін қызметтердің ескерілуі сот саласының дамуына айрықша серпін береріне күмән жоқ.

Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында Қазақстанның сот жүйесі цифрландыру деңгейі бойынша халықаралық индекстерде 4-орында тұрғанын мақтанышпен айтсақ болады. Ал биыл осы оң үрдістерді әрі қарай жалғастыру басты мақсат. Бұл сот жұмысын жетілдіруге, жеңілдетуге, сот пен халық арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі деп сенеміз.

Жазира Бейсенбина,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сплав науки и практики

В современной медицине путь от научной идеи до реального...

Новая Конституция как осознанный выбор будущего

Публикация проекта новой Конституции Республики Казахстан стала важным и...

Проект Конституции: попытка переосмысления основ государства

На официальном портале государственных органов опубликован проект Конституции Республики...

Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды

Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің кәмелетке толмаған оқушысына қатысты...

Продажа земли иностранцам: в Казахстане опровергли фейк о проекте новой Конституции

Центром по борьбе с дезинформацией фиксируется распространение ложной информации...