ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауында цифрлық өзгерістер мен ЖИ-ды енгізудің маңызына айрықша басым мән берді. Мемлекет басшысы «Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру» стратегиялық міндетін қойып, бұл процестің елдің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Әлемде жалған ақпараттың таралуы басты проблемалардың біріне айналды. Әсіресе, ақпараттың жылдам ағыны мен жаңалықтардың толассыз лентасы өрістеп тұрғанда сол ақпарат пен деректерді тексермей қабылдау үрдісі басым. Осыған орай, Қазақстан медиа сауаттылықты арттыруға бағытталған бірегей жоба іске қосылуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландыру нәтижесінде әзірленген «RasInfo» – жасанды интеллект интеграцияланған алғашқы медиаресурс жасалды.
Аталмыш ресурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің AP19679909 «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторларын анықтауға арналған цифрлы сауат саласында ақпараттық ресурс әзірлеу» тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылды.
Бұл бастаманың мақсаты – жастарға цифрлық сауаттылық пен фактчекинг дағдыларын үйрету. Жоба авторларының айтуынша, мобильді қосымша жайдан-жай пайда болған жоқ. Ол жастардың әлеуметтік желілердегі ақпаратты дұрыс сараптауға қажетті құрал ретінде дүниеге келді. «RasInfo»-да жасанды интеллект күмәнді ақпаратты анықтауға көмектеседі. Қолданушылар мұнда ақпаратты тексеріп қана қоймай, модульдерін өтіп, практикалық тапсырмалар орындай алады, тіпті фактчекинг негіздері, құралдары, практикасы мен фактчекингке арналған ЖИ модульдарды оқи отырып, тапсырмаларды орындап, курсты табыста аяқтаса, сертификат алады.
RasInfo әзірлеу идеясы тектен тек ойға келген жоқ. Соңғы жылдары фейк ақпарат қатты көбейіп кетті. Көбіне әлеуметтік желіде, ақпарат ленталарында толассыз, тексерусіз таралған коненттерді легі орасан ауқымды. Қолданушылар осы ақпараттың бірақ тексере бермейді. Сол үшін бізге ақпаратты қалай дұрыс растай алатын және осы дағдыларға үйрететін арнайы құрал керек болды. RasInfo құралын жасау идеясы осыдан туындады.
Қазақстанда жас зерттеушілер үшін жасанды интеллект саласында зерттейтін көптеген бағыттар бар. Әсіресе, қазақ тілін ЖИ-ға бейімдеу үлкен үлес қосуға мүмкіндік беретін басты бағыттардың бірі. Бұл тек ғылым үшін ғана емес, ұлттық мұраны сақтау үшін де маңызды қадам болмақ.
Осы тұрғыдан алғанда, ҚазҰУ Журналистика факультетінің ғалымдары әзірлеген «RasInfo» жобасы Президент Жолдауында айтылған басымдықтармен толық сәйкес келеді. Бұлеліміздегі жасанды интеллект интеграцияланған алғашқы мобильді медиаресурс. Оның негізгі мақсаты азаматтарға цифрлық сауаттылық негіздері мен фактчекингті үйрету.
Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жастардың ЖИ-ды сауатты қолдануы – елдің цифрлық трансформациясының негізгі шарты» деген пікіріне тікелей жауап болып табылады.
Бүгінгі Жолдауда: Цифрлық трансформация тек экономиканы модернизациялауға ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге де бағытталған. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы ұсыныс жасалды. Бұл қадам ЖИ-ды ел экономикасының барлық салаларына жаппай енгізуге мүмкіндік береді.
Осы өзгерістер аясында ҚазҰУ ғалымдарының тағы бір ірі бастамасы – қазақ баспасөзін толық цифрландыру жобасы ерекше мәнге ие. 1889 жылдан бастап жарық көрген басылымдарды жинақтап, бірыңғай цифрлық мұрағат жасау тек тарихи құндылықты сақтау ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект арқылы ғылыми зерттеулерге жаңа серпін беру. Бұл жоба Қазақстандағы цифрлық мәдени мұраны қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Жасанды интеллект қарқынды дамып, адамдардың дүниетанымына, әсіресе жастардың сана-сезіміне әсер етуде. Бұл процесті тоқтату мүмкін емес, сондықтан оған дайын болу қажет. Ел Президентінің сөзінше, «Басты міндет – кідіріссіз, батыл әрекет ету», өйткені кешігудің салдары өте ауыр болуы мүмкін.
«RasInfo» жобасы осында аталған талаптарға сай жасалған. Ол азаматтарды жалған ақпаратпен күресуге үйрете отырып, олардың цифрлық қоғамдағы маңызды дағдыларын қалыптастырады. ЖИ-дың халықаралық деңгейде реттелуі қажеттілігі де айқын, себебі ол бүкіләлемдік құбылыс және бір мемлекеттің ғана емес, бүкіл адамзаттың мәселесі болып саналады.
Қазіргі Қазақстанның міндеті – жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдаланып, елді қауіпсіз әрі дамыған қоғамға айналдыру. Бұл жолда «RasInfo» сияқты білім беру бастамаларының рөлі зор.
Жобаның басты ерекшелігі цифрлы қосымша әзрлеп қоймасатан емес, RasInfo ресурсындаAI-Derek жасанды интеллект құралымен интеграцияланды. AI-Derek құралы күмәнді ақпаратқа қатысты деректерді анықтау бойынша кеңестер береді. Сонымен қатар, пайдаланушы ақпарат пен деректерді тексеріп қоймастан, жаңа білім алып, цифрлы дағдыларға үйренеді, практикалық тапсырма орындап, сертификат ала алады. Бұл қосымшаның басты ерекшелігі – оның қолында мобильді құралы бар қолданушылардың әрбірне қолжетімді болуы. Көмекші құралдың тілі жеңіл. Бұл ресурс жастардың цифрлық сауатын арттырады деп сенеміз. Яғни, олар тек смартфонды пайдаланып қоймайды, ақпаратты саралап, талдап үйренеді. Бұл цифрлық қоғамға қажетті ең маңызды дағды.
Әзірге біз қосымшаны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірледік. Келешекте Орталық Азия елдері тілдеріне аударып, қолдану аясын кеңейту жоспары бар. Өйткені жалған ақпарат шекара талғамайды. Ол бәріне ортақ мәселе.
Алдағы уақытта біз қолға алып жатқан үлкен ғылыми бағдарлама бар. Негізгі ой – қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарды түгел цифрландыру. Яғни, 1889 жылдан бастап бүгінге дейін шыққан баспасөзді жинап, бірыңғай цифрлық мұрағат жасамақпыз. Бұл жай архив қана емес, жасанды интеллект арқылы мәтіндерді талдап, жүйелеп, іздеуді жеңілдететін платформа болады.
Мысалы, студентке немесе ғалымға XIX ғасырдың соңындағы мақала керек болса, ол кілт сөз арқылы оңай таба алады. Немесе белгілі бір тақырыптың әр дәуірде қалай жазылғанын салыстырып көруге мүмкіндік бар.
Бұл жоба тек тарих үшін емес, қазіргі ғылым мен білім үшін де пайдалы. Себебі қазақ тілінің даму динамикасын зерттеуге, мәдени мұраны сақтауға, медиа эволюциясын түсінуге жол ашады. Университеттер мен зерттеу орталықтары үшін үлкен мүмкіндік болады. Бұл Қазақстандағы гуманитарлық ғылымдарға жаңа серпін береді деп сенеміз.
Қазақ баспасөзі тарихының цифрлы қорын жасақтайтын білім беру базасын жасау түпкі мақасатымыз. Білім беру, оқу-ағарту ісінде, ғылыми зерттеулерде, қоғамға қолжетімді болады. Осылайша қазақ баспасөз мұрасын сақтап қоймай, жаңа буынға заманауи форматта жеткіземіз.
Бүгінде университеттерде ЖИ-ды қолдану туралы пікірталас өрбуде. Тыйым салғаннан пайда жоқ. Керісінше, студенттерге ЖИ-ды дұрыс қолдануды үйрету керек. Әйтпесе, бәрібір қолданады. Ең дұрысы – оны тиімді құралға айналдыру.
Fake news-пен күресте кімнің рөлі маңызды екендігіне назар аударсақ. Мұнда мемлекет қана емес, қоғам да, әр адам да жауапты. Мемлекет инфрақұрылым жасайды, қоғам білім таратады, ал әр адам жеке жауапкершілікпен ақпаратты тексереді.
Жасанды интеллект (ЖИ) – бұл компьютерлік жүйелердің адам сияқты ойлау, үйрену, шешім қабылдау қабілетін имитациялайтын технологиялар жиынтығы. Яғни, ол үлкен көлемдегі деректерді талдап, заңдылықтарды тауып, белгілі бір міндетті орындауға үйренеді. ЖИ ұғымы алғаш рет 1956 жылы Дартмут конференциясында ғылыми термин ретінде енгізілді.1960–70 жж. алғашқы алгоритмдер жасалды, бірақ компьютерлер әлсіз болғандықтан, прогресс баяу жүрді. 2010 жылдан бастап Big Data және Machine Learning дамуы ЖИ-ды қайтадан алға шығарды.
2020 жылдан бері генеративті ЖИ (мысалы, ChatGPT, Midjourney) кеңінен тарады. ЖИ – бұл… Иә, атауы айтып тұрғандай — «жасанды интеллект». Ол адам миын емес, алгоритмдер мен деректерді пайдаланады. Яғни, ЖИ – адамның ойлауын еліктейтін құрал, бірақ «санасы» жоқ. ЖИ адамға нені бере алмайды деген ой туындайды. Адам баласына тән адамгершілік пен эмоцияны бере алмайды. ЖИ логикаға негізделген. Сондықтан ол бізге эмпатия, мейірім, рухани өнеге бере алмайды. Шығармашылық құралы ретінде ЖИ сурет салады, музыкажазады, мәтін өңдейді, бірақ бұл адам қолынан шыққан туынды емес, жасанды өнім. Сезім, сана, ақыл-ой адамға тән. ЖИ ешқашан этикалық шешім қабылдай алмайды. Ол «дұрыс» пен «бұрысты» адам сияқты сезіне алмайды. Ол тек алгоритмге бағынады.
Күн санап ЖИ саласында білім беру мен оқудың маңызы артуда. Қазір жасанды интеллект – әлемдегі университеттер мен IT-мектептердің ең алдыңғы бағыттарының бірі. ЖИ бойынша білім беретін және зерттеу жүргізетін жетекші орталықтар қатарында Массачусетс технологиялық институты, Стэнфорд, Харвард, Кембридж, Оксфорд, Людвиг-Максимилиан, Пекин, Токио университеттері, Цюрихтегі Жоғары техникалық мектебін атасақ болады. Елімізде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Назарбаев Университеті, Астана IT, Сәтбаев университеттері ЖИ саласында бағдарламалар ұсынады. Бакалавриат пен магистратура деңгейінде Computer Science, Artificial Intelligence, Data Science сияқты бағдарламаларды атауға болады. Онлайн-курстар қатарында Coursera, edX, Udemy, Khan Academy, Google AI, DeepLearning.AI платформасындағы Andrew Ng курстары да ЖИ білім алушыларға пайдалы болмақ. Әлемде OpenAI, DeepMind, Meta AI, Huawei Research, Яндекс Research сияқты қолданбалы зерттеу орталықтары үлесін де ерекшелеуге тұрарлық. Бүгінде «AI literacy» жасанды интеллект сауат ашу жаңа стандартқа айналуда.
ЖИ-дың тым қарқынды дамуы әлемдік деңгейде ЖИ-ға ереже керектігін алға шығарды. ЖИ тек бір елдің мәселесі емес, бүкіләлемдік құбылыс. Сондықтан халықаралық ережелер қажет. Әйтпесе, ЖИ-дың пайдалы тұсы мен зиянды әсерін ескеру қажет.
Жасанды интеллект саласында зерттейтін тақырып көп: тіл өңдеу, медицинадағы қолдану, этика мәселелері, білім беру, ақпараттық қауіпсіздік. Әсіресе Қазақстан үшін қазақ тілін ЖИ-ға бейімдеу үлкен бағыт. Жастар осыған назар аударса, үлкен үлес қосады деп сенеміз.
ЖИ қазіргі кезде ең алдымен, коммерциялық мақсатта ауқымды дамығанын баса айтсақ. Әсересе, маркетинг, жарнама, онлайн-дүкендер, қаржы (банк, сақтандыру). Біз үшін күнделікті тұрмыста ЖИ көмегімен бизнес идеяларды дамыту мен қаржы нарығын басқарудың жаңа дәуірі алда екенін ескерсек, ЖИ бұл бағытта еселеп дамуда. Бизнес пен өндіріс саласында ЖИ батыл енген бағыттар қатарында логистика, роботтандыру, өндіріс тиімділігін арттыруды атауға болады. Ал ғылымға келсек, әрине, бүгінгі күнде ЖИ, алдымен генетика, жаңа дәрілер, материалдар саласында табысты қолдынылып отыр.
Сондай-ақ ақпаратт жинап, өңдеп, оны кеңінен жариялайтын медиа және коммуникациясаласындағы ЖИ қызметі артып отыр. Мәселен, фактчекинг, автоматты мәтін/бейне жасау құралдарына ЖИ беретін мүмкіндігі мол. ЖИ қолданысындағы ең табысты кейстері әрине АҚШ пен Қытайда. Бизнес пен коммерцияның мегамедиакорпорациялары, бұл — Google, Microsoft, OpenAI, Baidu, Alibaba. ЖИ дамуы көбінде этикалық диллемалар мен құқықтық реттеу мәселелерін ұсынуда. Сондай-ақ, өнер және гуманитарлық ғылымдарт саласындағы таласты пікірлер мен дискуссияларға алып келгені рас.
Жаһандық Оңтүстік елдерін қамтитын Орталық Азияда цифрлық трансформация, медиа, білім саласындағы алғашқы бағдарламалар мен бастамаларды атауға болады. ЖИ жасанды ақыл мен құрал. Оның тарихи міндетінің өзі де бизнесте табыс әкелу, ғылымға жаңалық ашу, білім мен медицинада қолдау көрсетуде адамға көмекші қызметін атақару. Бірақ ЖИ ешқашан адамға тән ақыл мен сана, ойлау мен сезім сияқты теңдессіз құндылықтардың орнына баса және алмастыра алмайды.
ЖИ-дің танымал модельдері қатарында Machine Learning машиналық оқыту әдісін атаған жөн. Компьютер арқылы тәжірибелерді үйрену, оқу. Келесі кезеңі, терең оқу / оқыту. Deep Learning – нейрожелілер арқылы күрделі үлгілерді таниды. Әсәресе, бет, дауыс, мәтін сияқты вербальды қарым-қатынас модельдерін ұсынуы. Келесі кезеңі, NLP — табиғи тілдерді өңдеу. Бұұған мәтінді түсіну және генерациялау функциясын атауға болады. Мысалы, GPT-модельдері бүгінде ең ке тараған ЖИ құралы. Тағы бір атауға болатын қызмет Computer Vision. Бұл көрнекі ЖИ құралы, яғни суреттер мен видео контенттерді талдау. Келесі ең қызықты сала бұл — робототехникадағы ЖИ. Мәселен, оның жарқын қолданысы автономды көлік қызметтері мен дрондар, ұшқыщсыз басқару аппараттары.
ЖИ модельдерін жасаудағы ең табысты кейстер қатарында ең танымал модель, бұл, әрине – ChatGPT. OpenAI компаниясы әзірлеген жасанды интеллектке негізделген тілдік модель. Ол мәтінді түсініп, сұрақтарға жауап береді, мәтін жазады, әңгімелеседі. Бүгінде білім, медиа, бизнес салаларында кеңінен қолданыста.
Google DeepMind AlphaGo құралы. Ол 2016 жылы әлем чемпиондарын ойынында жеңген нейрожелі жүйесі. Ол ЖИ табысты дамуының дәлелі ретінде тарихқа айналған кейс. Өйткені, Жи күрделі стратегияларды орындауда адамнан жоғары деңгейде меңгерді.
Әрине, ЖИ туралы сөз еткенде Tesla автопилоты практикасын атамай өту мүмкін емес. Tesla автопилоты көлікті дербес, адамның көмегінсіз басқаруға арналған жүйе. ЖИ жол жағдайын, жаяу жүргіншілерді, белгілерді талдап, көлікті өзі айдайды. ЖИ-дің медициналық диагностикадағы рөлі уақыт санап артып отырғанына жиі куә болудамыз. Мәселен, рентген, МРТ, УДЗ сияқты тексеру, талдау процестерінде ЖИ көмек беретін, ауруды ерте анықтайтын құралға айналуда. Бұл жерде дәрігерге көмекші құрал ретіндегі қызметін ғана атап отырмыз. Екертетініміз, ЖИ дан келетін қатерін ескерсек, әрдайым білікті медицина маманының бақылауында болғаны абзал.
Әлемде барлық ЖИ модельдері табысты бола қойған жоқ. Мәселен, жасанды интеллект негізінде жасалған Microsoft-тың Tay чат-боты -Twitter-ботын атасақ. Бұл бот жастарға арналды. Солармен еркін пікір алмасуға арналды. Өкініштісі, әлеуметтік желідегі негативті контенттерді үйреніп, бірнеше сағат ішінде агрессивті жауаптар қайтара бастаған. Бұл ЖИ-дың әлі де болса тәуелділігі мен қауіп-қатерін көрсетті.
ЖИ-дың ақпаратты сақтау мүмкіндігі туралы да қазір ғалымдар жиі атай бастады. Жасанды интеллект бәрін шексіз есте сақтайды деп ойлаймыз. Шын мәнінде, олай емес. ЖИтек өзі үйренген деректермен жұмыс істейді. Мысалы, GPT, Gemini сияқты үлкен тілдік модельдер терабайттар мен петабайттар деректерге сүйеніп жасалған. Бұл дегеніміз — миллиардтаған веб-бет, кітаптар, мақалалар. Бірақ бір сәтте ескеретін ақпараттың шегі бар. Оны «контекстік терезе» дейді. Бұрынғы GPT-3 шамамен 2–3 мың сөзді қатар талдай алса, жаңа үлгілер — GPT-4, Claude, Gemini — 100 мың сөзге дейін, яғни тұтас бір кітап көлемін қарай алады.Айта кететін нәрсе, ЖИ әрбір хабарламаны мәңгі сақтап қалмайды. Ол ақпаратты талдап, жауап шығарады, ал ұзақ сақтау сервер мен жүйеге байланысты. ЖИ қоғамды этикалық мәселелерді туындатып отырғаны рас. ЖИ дамуы үлкен мүмкіндіктермен қатар, бірнеше қауіп-қатерлерге әкелетінін атадық. Фейктер мен deepfake бұл жалған ақпарат жасау және таратудың әдістері мен амалдары.
Сонымен қатар, әлем елдерінде ЖИ-дың қоғамның көп саласына батыл енуі жұмыссыздық қаупін арттырып отыр. Әсіресе, кей мамандықтарды ЖИ батыл алмастыруы мүмкін. ЖИ ұсынатын деректер мен шешімдер кейде ақиқат әрі дұрыс бола бермейтінін ескерсек, мұны көбінде «алгоритмдік әділетсіздік» деп атап жатады. ЖИ адам өміріне етене енгені соншалық, қазіргі уықытта әр мемлекет азаматтардың жеке өмірін қорғау туралы салалық бағдарламар мен жобаларды күн тәртібіне шығаруда. Соңында айтарамыз, ЖИ-ді халықаралық деңгейде реттеу жаһандық бақылаудың қажеттігін ұсынады, ал бұл өз кезегінде мемлекеттер арасында жаңа қақтығыстарға әкелуі мүмкін.
ЖИ адамға қызмет ете ме, әлде біз ЖИ-ға тәуелді боламыз ба деген сауал әрбіріміздің көкейімізде тұрғаны анық. Сондықтан да университеттер, мемлекет және халықаралық ұйымдар ЖИ-ды тек техникалық емес, этикалық тұрғыдан да үйретуі қажет. Елімізде ЖИ-дың адамзатқа берер пайдалы әлеуетін оқу, игеруге көп мән беріп, жастар арасынжа ЖИ қолданысы арқылы стартаптар мен бизнес жобаларға еркіндік берген жөн.
Қазақстандағы табысты жасанды интеллект жобаларығ қатарында Kaspi.kz – смарт-қаржы технологияларын ерекше атауға болады. Клиенттердің транзакцияларын ЖИ арқылы талдап, алаяқтықты ерте анықтайды. «Kaspi Pay» жүйесі қауіпсіз төлемдер мен несиелік рейтингті автоматты бағалау үшін ЖИ қолданады. Halyk Bank — кредит скоринг жүйесі. ЖИ көмегімен әр клиенттің несие алу қабілетін есептейді. Алаяқтық әрекеттерді болдырмауға арналған алгоритмдер іске қосылды. Astana Hub стартаптары да бүгінде нәтижелі кейстермен таныла бастады. Қазақстанның бас қалаларында SmArtCity жобаларында, әзірге көлік қозғалысын оңтайландыру үшін ЖИ қолданысы тиімді нәтиже беруде.
Он жылдан кейін ЖИ саясатта да, қоғамда да күнделікті құралға айналады. Азаматтар ақпаратты жылдам әрі сапалы ала алады, ал билік халықпен ашық сөйлесудің жаңа тәсілдерін ұсында деп болжауға болады.
Елімізде телемедицина мен диагноз қоюға арналған алгоритмдер жасалуда. Ауыл шаруашылығында жерді қашықтан бақылау, егін өнімділігін болжау бағытында бастамалар бар. eGov.kz және мемлекеттік сектор алғаш халыққа қолжетімді болғалы жақсы прогресс байқалуда. Электронды үкімет жүйесінде ЖИ элементтері батыл енгізілді. Олардың қатарындачат-боттар, автоматты құжат өңдеу сияқты қызметтерді атауға болады. «Smart Astana» жобасы аясында қоғамдық көлік, жарықтандыру, коммуналдық қызметтерді басқаруда ЖИ сынақтан өтуде. Медиадағы жобалар қатарында Qazaqstan телеарнасы мен Kazakh TV автоматты субтитр жасау үшін ЖИ енгізіп жатыр. Кейбір онлайн-медиа Big Data және ЖИ талдау арқылы аудиторияның қызығушылығын болжау құралдарын енгізуде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультетінің профессор-зерттеушісі,
саяси ғылымдарының докторы
Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева