Жасөспірімдердің түсірген бейнежазбасы ұрыны ұстауға көмектесті

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта оның үйіне ұры түсіп, алтын жүзік, алтын білезік және 13 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбiрленушiге 150 000 теңге материалдық шығын келген.

Аталған дерек бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Дәл осындай арызбен полицияға тағы бірнеше тұрғын хабарласты. Оның бірі 80 000 теңге ақшасы мен 150 000 теңге болатын алтындарын белгісіз біреу қолды еткенін көрсеткен. Ал келесі тұрғын болса, үйіне жасырын кірмекші болған ұрыны байқап қалып, нәтижесінде ұрының қашып кеткенін жеткізген. Тұрғындардың жиғанын жымқырып, мазасын қашырған ұрыны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру амалдарын жүргізді. Жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырды. Соның нәтижесінде көршілерінің қақпасы құлып тұрса да үйінде адам тығылып отырғанын түсіріп алған жасөспірімдердің бейнежазбасын назарға алды. Осы арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Белгілі болғандай, ақша қажет болған жігіт пәтер ұрлығын жасаған. Яғни күндізгі уақытта есігі құлып тұрған үйлерге заңсыз кіріп, ақша мен алтындарды жымқырған. Осылайша оның 6 жайт ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды, жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Сезіктіден айғақты зат ретінде алтындардың бір бөлігі тәркіленіп алынды. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осылайша Жетісай ауданында жасөспірімдер түсірген бейнежазба арқылы үй ұрысы ұсталып, қылмыс ашылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...