12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

10.02.2022ж. Орал қ. Гагарин атындағы балалармен жасөспірімдерге арналған кинотеатры ғимаратында БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметінің есебіндегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық танымдық іс-шарасы өткізілді.

Құқықбұзушылық  бұл Заңмен тиым салынған, қоғамға зиян келтіретін және де заң шеңберінде жаза тағайындалатын, қоғамға қарсы әрекет болып табылады. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу қоғамдық жауапкершілікті талап ететін міндет болып табылады.

Қазіргі таңда БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметінде  жасөспірімдер «бас бостандығынан шектеу» жазасымен есепте тұрғандар бар. Аталған тұлғалармен пробация қызметімен  ҚР ҚАК-мен қылмыстық жазаларды орындау бойынша реттейтін ҚР өзге де Заңнамалық актілерімен жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде.

Алдағы уақытта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар жасамауға шақыру мақсатында Облстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Наркологиялық диспансері және «Жас ұрпақ» жастарды әлеуметтік дамыту орталығының мамандары салауатты өмір салтын насихаттады, сондай-ақ Орал қ. пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры А.У.Баймуханова, БҚО бойынша ҚАЖД ПҚБеБ-нің инспекторы әділет аға лейтенанты Джумагазиев С.Д.қылмыстық және өзге де құқықбұзушылықтарға жол бермеуге шақырып, қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол берілген жағдайда Заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын, болашағы бұлыңғыр екенін, түзеу мекемелерінде жаза өтеуге жолданатынын жеткізіп сөз сөйледі.

Шара соңында қатысушыларға Ресей Федерациясында түсірілген «Түрмедегі балалар» атты қысқаметражды, ой-танымдық кинофильмі көрсетілді.

М.Сарманов,

БҚО бойынша ҚАЖД Орал қ. пробация қызметінің инспектор

психологы әділет аға лейтенанты

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...