Жасөспірімдер арасындағы «Кітап таусылмас қазына» атты шарасы

Бүгін Орал қ. кітапханалар жүйесінің № 6 кітапхана ғимаратында БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметінің есебіндегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жолына түсуге қоғамдық ықпал ету мақсатында ақпараттық танымдық іс-шарасы өткізілді.

Шараға БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметінің есебінде «бас бостандығынан шектеу» жазасымен тұрған жасөспірімдер қатысты. Шараның мақсаты аталған тұлғалардың бойында заңды құрметтеуге шақыру және қоғамға пайдалы тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ету болып табылады.

Алдағы уақытта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар жасамауға шақыру мақсатында Орал қ. кітапханалар жүйесінің № 6 кітапханасының кітапханашысы Б.І.Жолтаева кітапхана тарихымен таныстырып, кітапқа деген қызығушылықтарын оятып кітаптың адам өміріндегі пайдасын насихаттады. Сонымен қатар Орал қ. полиция басқармасының Абай Пб-нің ЖПҚ-ті Ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Б.Е.Джетписбаев, БҚО бойынша ҚАЖД ПҚБеБ-нің инспекторы әділет аға лейтенанты Джумагазиев С.Д. қылмыстық және өзге де құқықбұзушылықтарға жол бермеуге шақырып, қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол берілген жағдайда Заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын айтып сөз сөйледі.

Шара соңында қатысушылар өздеріне қажетті мәдени қоғамдық күш алғанын және алдағы уақытта осындай қоғамдық танымдық шаралар өткізіліп тұрса деген тілегін білдіріп тарасты.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...