Жас қызметкерлердің жанұя мүшелеріне құрмет көрсетілді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде, жас қызметкерлермен жүргізілетін тәлімгерлік жұмыс аясында, жас қызметкерлердің жанұя мүшелеріне құрмет көрсету мақсатында, кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге келген мекеменің тәрбие бөлімінің теологиялық, оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы Жуматханова Аяланың жолдасы: Оразбаев Бекзатқа мекеме әкімшілігі, тұрмыста Аяланың қызметін үздік атқаруға үлес қосып, қолқанат және көмекші бола білгені үшін алғысын білдірді.
Аяла мен Бекзат өнегелі жас жанұя. Абай облысы бойынша полиция департаментінің капитан шеніндегі қызметкері Бекзат, құқыққорғау органдарында қызметтің ерекшелігі мен қиыншылығын жақсы біледі. Сондықтан да Аялаға барынша қолдау көрсете біледі.
Мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Айдын Калелов, Аяла мекемеге келген 10 ай мерзімінде, өз қызметін үздік орындап қана қоймай, өзінің әріптестеріне де қажет уақытта көмекке келуге даяр жан екенін және мекеме ішіндегі барлық іс-шараларға жең түре белсенді қатысатынын айрықша атап өтті.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...