ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕКТЕБІ

Бүгінгі таңда Қазақстанда жас буынды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту бағытында бірқатар ауқымды бағдарламалар мен бастамалар жүзеге асырылып келеді. Бұл – мемлекет пен қоғамның болашағына салынған инвестиция.

Мәселен, Қарағанды облысында табысты жүзеге асырылып келе жатқан жобалардың бірі – «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі».

Бұл жоба – мемлекеттік қызметке бет бұрған жастар үшін үлкен мүмкіндік алаңы. Жоба аясында жастар мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымымен, мемлекеттік органдардың жұмыс ерекшеліктерімен танысады, тәжірибелі мамандар мен жетекші сарапшылар өткізетін тренингтерге қатысады.

Сонымен қатар қатысушылар жобалық басқару, коммуникация, құжаттамамен жұмыс істеу, мемлекеттік саясатты талдау сияқты негізгі құзыреттерді меңгереді. «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жастардың кәсіби бағдарын айқындап қана қоймай, болашақ кадрлық резервті қалыптастыруға ықпал етеді.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...