12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК КӨП

Соңғы жылдары елімізде ғылымды қолдауға бағытталған нақты қадамдар жасалып жатыр. Бұл Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін арттырумен қатар, мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиялық мүдделеріне де жауап беретін маңызды бағыт.

Ғылымға инвестиция ел болашағына салынған инвестиция екенін мемлекет басшысы да бірнеше рет атап өтті. Осы орайда отандық ғалымдарды қолдау, ғылыми жетістіктерді қоғамда кеңінен насихаттау жəне жас зерттеушілерге жол ашу – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі. 2021 жылдан бастап ғылымды қаржыландыру көлемі едəуір артты. Мемлекеттік ғылыми гранттар саны өсті, іргелі жəне қолданбалы зерттеулерге арналған арнайы бағдарламалар қабылданды. Ғылым жəне жоғары білім минис трлігінің дерегінше, 2023 жылы 3 мыңнан астам ғалым түрлі гранттық жобалар бойынша қолдауға ие болған. Соның бірі биотехнология саласындағы зерттеулерімен танылған жас ғалым Назерке Тұрсын. Ол ауыл шаруашылығына бейімделген биологиялық тыңайтқыш түрін жасап шығарып, бұл жобасы ғылыми грант иеленген. Қазір зерттеудің нəтижелері Қарағанды, Жамбыл өңірлерінде сынақтан өтуде. Бұл – қолдаудың нəтижесі ретінде атап өтуге тұрарлық мысал. «Жас ғалым» жобасы арқылы 40 жасқа дейінгі зерттеушілерге арнайы гранттар бөлініп келеді. Бұл – еліміздегі ғылыми ортаның жасаруына ықпал етіп жатқан маңызды қадам. Бұған қоса, өңірлік университеттер жанынан ашылып жатқан зерттеу орталықтары жас ғалымдарға өз аймағында-ақ ғылыммен айналысуға мүмкіндік беріп отыр. Солтүстік Қазақстан университетіндегі «Агробиотехнология» орталығы соның айғағы. Ондағы жас зерттеушілер топырақ құнарын арттыру мен тұқым өнімділігін зерттеу бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл орталық жергілікті əкімдік пен Ғылым комитетінің бірлескен қолдауымен ашылған. Ғылым қанша маңызды болса да, ол қоғаммен байланыста болмаса, нəтижесі шектеулі болады. Осы тұрғыда отандық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылыми жетістіктер мен жобалар жайлы ақпарат жиі жарияланып келеді. Ғалымдардың қатысуымен өтетін конференциялар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми форумдар – бұл саланы насихаттаудың тиімді тетіктері. Биыл мамыр айында өткен «Science EXPO– 2025» форумында 100-ден астам ғылыми жоба таныстырылды. Олардың қатарында құқық қорғау, экология, медицина, энергетика жəне цифрлық технология саласындағы бастамалар бар. Бұл ғылым тек зертханамен шектелмейтінін көрсетеді. Елімізде ғылымды дамытуға бағытталған саясат бар, ол кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Қаржыландырудың артуы, жас ғалымдарды қолдаудың күшеюі, ғылыми жобаларды таныстыру алаңдарының пайда болуы оң үрдістер.

С.АСҚАР

Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды

Алматыда ІІМ Мақан Есболатов атындағы Академияда «Қызметтік идеология: тәртіп,...

Сотта өкілдік ету үлкен жауапкершілік жүктейді

Конституциямен айқындалғандай, әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандығын, заңды...

Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

      Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында...

Платформа инклюзивного образования

В ОКТЯБРЕ Г. АЛМАТЫ ПРИМЕТ ПЕРВЫЙ ВСЕМИРНЫЙ КОНГРЕСС ПО...