12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жариялылық жемқорлықтың жолын кеседі

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу бұл әлемдік мәселе, сондықтан, қай елде болмасын ешқашан да өзектілігін жоймайды. Онымен күресте біздің мемлекетіміз тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асуда. Солардың бастысы ретінде құқықтық сауат пен мәдениет деңгейін қалыптастыруға баса мән берілуін атауға болады. Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары, осы саладағы негізгі стратегиялық құжат «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия», т.б. бағдарламалар жұмыс істеуде. «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 13 қадамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған.

Президент жолдауында айтылған Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісі қалпына келтіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеме бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік тұрғыда белгіленді. Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне жаза қатайтылды. Мұның бәрі жемқорлықпен күрестегі тиімді тетіктер.

Мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету шаралалары қарқынды жүргізілуде. Себебі, азаматтар қызметтер мен кеңестерді әкімшілік кедергілерсіз алса, парақорлық болмайды. Яғни, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі ашық және неғұрылым оңай болған сайын, соғұрлым сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді. Жемқорлықпен күресті арттыруда қоғамда әділдік, парасаттылық, сенім қағидаттарын орнатуға күш салынуда. Осы арқылы қоғамның санасы өзгеріп, азаматтар бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасады.

Бүгінде ақпараттық технологиялар арқылы адам факторы азайып, жоғарыда айтылған стратегияда көзделген мақсаттар орындалуда. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ғаламтор, әлеуметтік желілерді кеңінен қолдану да жемқорлықтың алдын алуға ықпал етуде. Бұл шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шараларды кеңінен жариялауға, әрбір тұрғынға жеткізуге мүмкіндік береді.

Елбасы «Қазақстан-2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауындағы «Сыбайлас жемқорлық – тек заң бұзушылық қана емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сейілтеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп болып табылады» деген болатын. Жалпы жемқорлық, сол сияқты кез келген қылмыстың түп-тамырында адамның өзін және заңды құрметтемеуі жатыр. Осы себепті, жоғарыда айтқандай, ең алдымен ел азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сауатын көтеру күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау сот саласының да негізгі бағыты. Мысалы, республика соттарында ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімдері жұмыс істейді. «Сот

төрелігінің жеті түйіні» аясында судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылар талаптар күшейтілді. Мәселен, «Мінсіз судья» жобасы болашақ судьяларды неғұрлым сапалы іріктеуге және олардың сот төрелігін жүзеге асыру процесіне үлкен жауапкершілікпен келуін қамтамасыз етеді. Сот өндірісіне жаңа технологиялар енгізілуі сот процессін жеделдетті. Ғаламтор арқылы бақылау мүмкіндігі тек сот емес, сонымен қатар, жалпы мемлекеттік қызмет ашықтығын көрсетуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою кез келген құқықтық, демократиялық ашық қоғамның басты мақсаты десек, ел ертеңінің кемел болуы үшін Қазақстанның әрбір азаматы жемқорлықты жоюға белсенді түрде атсалысуы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуына кедергі келтіріп отырған жегіқұрт-жемқорлықтың тамырына балта шабылады.

Сауле Досыбаева,

Алмалы аудандық №2

сотының судьясы

Алматы қаласы

Тіл тағдыры-ұлт тағдыры

Мемлекеттік тіл кез келген елдің тұғырлы тірегі, сондықтан, осы...

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы істерін сотта қарау ерекшеліктері

    Қазақстанда 2023 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген...

КазНУ имени Аль-Фараби: 90 лет лидерства, знаний и международного сотрудничества

В 2024 году Казахский национальный университет имени Аль-Фараби отмечает...

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету – елдік іс

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын бастыбелгілердің бірі. Қазақстан Республикасының...

Елдің өркендеуі жүйе жұмысын жаңа деңгейге көтерді

Тәуелсіздік таңы атқалы 33 жыл болды. Осы жылдар ішінд...