12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жақсы істер жалғаса береді

Елімізде сот отырыстары ашық жүргізіледі. Азаматтар, оның iшiнде БАҚ өкiлдері отырыс залдарына еркiн кiріп, азаматтық процестiң барлық сатысына қатыса алады. Сондай-ақ, олар процесс барысын жазып алуға, түсіруге құқылы. Азаматтық iс жүргiзуде ашықтықты шектеу мемлекеттiк құпияны қорғау және Конституциямен көзделген әркiмнiң жеке өмiрiне, өзiнiң және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абырой, ар-намысының қорғалуына, салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ, заңда тiкелей көрсетiлген жағдайларда ғана орын алады.

   Бұған қоса азаматтық іс жүргізу жариялылығын    сот рәсiмдерiнің ашық әрі қолжетімді болуымен, іске қатысты барлық ақпаратпен еркін танысумен байланыстырған жөн. Сондай-ақ,  сот актілері жария түрде хабарланады. Істі жабық сот отырысында талқылауға іске қатысушылар мен олардың өкілдері, қажеттілік болсса куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар қатысады. Бірақ, оларға Азаматтық процестік кодекстің 188-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария ету жауапкершілік арқалататыны ескертіледі. Айтып өтерлігі, он алты жасқа толмаған іске қатысы жоқ адамдар  сот отырысы залына жіберілмейді.

  Отырыс залындағы азаматтардың әрекеттері процестің қалыпты өтуіне кедергісін тигізбеуі тиіс. Яғни, азаматтар заңмен белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті. Заңды күшіне енген сот актілері соттың интернет-ресурсында жарияланады және заңмен белгіленген шектеулер ескеріліп,  жария түрде талқылануы мүмкін.

Қазіргі таңда соттың жұмысынан барлық адам хабардар. Озық технологиялардың көмегімен әрбір адам арызын электронды нұсқада ұсынып, оның қозғалысын кедергісіз бақылай алады. Бұданы әрі нақтыласақ, азаматтар арыздың сот өндірісіне қабылдануы, істің тағайындалуы, ол бойынша шығарылған шешімдер жөнінде толық  мәлімет алу мүмкіндігіне ие. Бұл үшін «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. Соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететін саладағы соны өзгерістер мен тың жобалар сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа деңгейі. Жариялылық пен ашықтық, заманауи технологиялар жетістіктерін сот әділдігіне жеткізетін бірден-бір жолға санауға болады.  Өйткені, жаңа технологиялар құжаттармен жұмыс істеу кезінде адам факторын азайтуға серпін береді. Бүгінде сот саласы халыққа барынша қолжетімді.

Мемлекет басшысы айтқандай, шын мәнінде, сот жүйесі тиімді болса, қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, реформалар табысты жүзеге асырылады. Өз кезегінде бұлар ел халқының тұрмыс сапасы мен қауіпсіздігіне оң әсер етері хақ.  Сондықтан, сот жүйесін  оңтайландыру мен жаңғырту шаралары жалғаса береді.

Шынар Ргебек,

Алматы облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...