Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы ломбардтарына келген шығын өтеле ме?

Қаржы нарығын реттеу агенттігі Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде тоналған ломбардтардағы заттардың иелеріне шығын қалай өтелетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік қаңтар айындағы қайғылы оқиға кезінде микроқаржыландыру, ломбард секілді ұйымдарға келтірілген жалпы шығын 653 миллион теңге екенін хабарлады. Соның жартысынан астамы — 384 миллион теңге Алматыдағы ломбардтарға тиесілі. Ал Алматы облысының микроқаржы ұйымдары мен ломбардтары 140 миллион теңге шығынға ұшырады.

Үкімет қабылдаған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларына сәйкес жоғалған мүліктің құны немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны мүліктік зиянды айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның немесе зардап шеккен бизнеске қолдау көрсету қорының «Күш бірлікте» комиссиясының шешімі негізінде өтелетін болады.

Ережеге сәйкес жоғалған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін ломбард иелері аймақтық комиссияға немесе қор комиссиясына InfoKazakhstan.kz электронды платформасы арқылы өтініш жіберуі керек.

Бұл ретте ломбардтардың өздері ҚР Азаматтық кодексінің 328-бабына сәйкес өз клиенттері салған заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.

АК-ның 307-бабына сәйкес, кепіл затының құны теңгемен көрсетіледі және егер заңдарда өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімімен белгіленуі мүмкін. Осылайша, борышкердің кепілге қойылған мүлкі ломбард мамандары анықтаған және қарыз алушымен келісілген құны бойынша микрокредитті қамтамасыз ету ретінде ломбардқа беріледі.

Демек, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардтардан жетіспейтін заттардың иелеріне келтірілген залал ломбардта жасалған және кепіл билетінде көрсетілген кепіл бағасының сомасына сәйкес өтеледі.

Ломбард меншік иелеріне өз заттарының жоғалғаны туралы хабарлауға және борышкердің микрокредит бойынша ломбард алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің ағымдағы сомасын шегеріп тастағандағы жоғалған кепіл мүлкінің есептік құны шегінде өтемақы төлеуге міндетті.

Зиянды өтеу үшін заттардың иелері несие берушілерге, яғни ломбардтарға хабарласуы керек.

Мемлекет басшысы Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛУI КЕРЕК

Экологиялық қауіпсіздік мəселесі бүгінде əлемдік күн тəртібіндегі ең маңызды тақырыптың біріне айналды. Климаттың өзгеруі, өндірістік шығарындылардың артуы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі жəне табиғи ресурстарға түсетін салмақ мемлекеттерді экологиялық саясатты түбегейлі қайта қарауға мəжбүрлеуде. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалып отырған жоқ.

Елімізде балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі жаңарады 

Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа моделі енгізіледі. Өзгерістер педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің жұмысына әсер етеді.

Биыл әскерге алынғандарға қандай жеңілдік бар?

Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр.