Жаңа жылға дайындық: ІІМ, ТЖМ күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дайындығын тексерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желтоқсанда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Төтенше жағдайлар министрлігі алғашқы аптаның ішінде елді мекендердегі 2,5 мыңнан аса үйді қамтитын профилактикалық рейд өткізді. Пештер мен электр жүйелері тексеріледі. Сондай-ақ тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелері түсіндіріледі.

Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«670 мобилді топ құрылып, пиротехниканы сақтау және тарату орындары бойынша 78 іс-шара өткізілді. Рұқсат етілмеген сауда үшін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елге пиротехникалық өнімдерді заңсыз әкелу деректерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режиміне көшеді», — деп жазылған хабарламада.

«Ойын-сауық және адам көп жиналатын орындарды алдын ала тексеру қажет. Өрт сөндіру құралдарынсыз бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат бермеу қажет. Адамдарды шұғыл эвакуациялау бойынша қызметкерлерге оқу-жаттығуларын өткізу керек», — деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер Оқу-ағарту министрлігі мен өңір әкімдіктеріне қысқы демалыс және жаңа жылдық мерекелер кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды тапсырды. 

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...