2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын бөлінді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тиісті келісімге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан әр-Рабиа қол қойды.

Құжат екі ел арасындағы қажылық сапарын үйлестіруді, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз етуді, қауіпсіздік және медициналық талаптарды сақтауды көздейді. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық кезінде қажетті қызметтерді ұйымдастыру мәселелері қамтылған.

Бұған дейін ҚМДБ 2027 жылғы қажылықты ұйымдастыру үшін төрт туроператорды таңдағанын хабарлаған еді.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...

Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда күн күрт суытады

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн құбылады. Кей өңірлерде...