Жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін көлік жүргізушілері өмірінде не өзгереді?

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Қазақстанда әкімшілік жазаның шектен тыс ауырлығына қатысты қоғам тарапынан айтылған сын салдарынан тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұлды алып тастауды және денсаулыққа зиян келтірмейтін жол-көлік оқиғасы үшін көлік жүрізу құқығынан айыруды қолданбау жоспарланып отыр.

Дегенмен, түзетулер жауапкершілікті арттырады:

  • шығарындылар мен шу деңгейінің белгіленген нормаларын бұза отырып көлік құралдарын пайдаланғаны үшін;
  • елді мекендердегі жасыл желектерді кесу және жою жағдайларын болдырмау мақсатында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін және басқа да нормалар.

Жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра тізгінге отырып, тәртіп бұзғандар 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды.

Жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмаған адам, рульге отырып, оның ішінде алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық масаң күйде болғаны үшін жауапқа тартылған адамдар жеті жыл ішінде жүргізу құқығын алу үшін емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Бүгінде олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады.

Көлікті мас күйде басқарғаны үшін жазаны жеңілдету жоспарда жоқ

Ішкі істер министрлігі жыл сайын еліміздің жолдарында мас жүргізушілер кінәсінен 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы болып, 100-ге жуық адам қаза тауып, 600-ге жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алуына байланысты мас күйде жүргені үшін жазаны жеңілдету жоспарланбаған деп жауап берді.

Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдың жаңа түрін енгізу

Айыппұлдың жаңа түрін енгізу жоспарланған — ол жылдамдықты сағатына 60 және одан да көп асырғаны үшін жаза түрі. 40 АЕК (2024 жылы 147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде неғұрлым қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес ереже бұзушыларға белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады:

  • сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін — 5 АЕК (18 460 теңге);
  • сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін — 10 АЕК-ке (36 920 теңге);
  • сағатына 40 және одан да көп километрде — 20 АЕК (73 840 теңге);
  • және жыл ішінде қайталанғаны үшін — 30 АЕК-ке (110 760 теңге).

Көліктің орташа және максимал жылдамдығы туралы түсініктер енгізіледі

Бұл түзетулер сертификацияланған арнайы бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғылары орнатылатын жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жылдамдықты шектен асырып жіберуге байланысты апаттар санын азайтуға бағытталған.

«Орташа жылдамдық» көрсетілген құрылғылар мен құралдар жолдардың түзу учаскелерінде және қала сыртындағы айналма жолдар жоқ жерлерде автоматты түрде есептеледі.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.

Енді “ГПХ“ рәсімдеуге болмайды: Сенат заң қабылданды

Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады.

Жасанды интеллект университеті биыл алғашқы студенттерін қабылдай бастайды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді.

Мұғалімдерге әлеуметтік желі жүргізу міндетті ме? – Министрлік жауап берді 

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте педагогтердің әлеуметтік желілерді жүргізуіне қатысты мәселеге түсінік берді.

Елімізде табыстың көп бөлігі азық-түлікке жұмсалады 

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың төртінші тоқсаны бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады.