ЖАҢА РЕФОРМАЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕДІ

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу және онымен барынша күресу үшін кешенді шаралар жасалып жатыр. Атап айтқанда арнайы заң қабылданып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, жолын кесу, сыбайлас жемқорлық үшін жазалау шараларын күшейту жұмыстары жүргізілуде.

Елімізде сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарға ынталандыру шарасы да қарастырылған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жəрдем көрсеткен адам Қылмыс тық-процестік кодексіне, Қазақстан Рес публикасының Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңға сəйкес мемлекеттің қорғауында болады жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті орган айқындаған тəртіппен көтермеленетіні көзделген. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа қоғамның қарсылығын қалыптастыру мақсатында жасалып отырған шаралар. Соңғы жылдары елімізде жасалып жатқан реформалардың өзі саладағы адам факторын азайтып, сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмауға арналған. Сандық технологияны дамытудағы басты мақсаттардың бірі де жемқорлықтың алдын алу болып отыр. Өйткені жемқорлыққа жол берген елдің дамуы кешеуілдей беретіні дəлелденген. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пəрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, өз құқығын жан-жақты түсіндіру қажеттігі де сезіліп отыр. Халқымыз көп жағдайда өз құқығын білмегендіктен жемқорлыққа ұрынып немесе құқығы аяқасты болып жататыны жасырын емес. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-əрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білуі қажет. Жемқорлықпен бетпе-бет келген жағдайда да əрі қарай қалай əрекет жасайтынынан хабардар болғаны жөн. Сонда ғана қоғамның жемқорларға қарсы əрекеті күшейе бермек. Осы орайда Өскемен қаласындағы №24 мекемесіне жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері шақыртумен келіп, жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келген жағдайдағы əрекеттер жайлы жеке құраммен арнайы сабақтар өтіп тұрады. Мұндай сабақтардың мекеме қызметкерлері үшін маңызы зор!

А. КАРЫБАЕВА, ҚР ІІМ қарасты №24 мекемесі жедел бөлімшесінің жедел қызмет уəкілі, əділет майоры

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...