12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаңа бастамалардың жаршысы

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының әрбір съезін сот саласындағы жаңашылдықтар жаршысы десе болады. Себебі, әрбір алқалы жиында соттар мәртебесін көтеріп, жұмысын жандандыру, сол арқылы халықтың сот төрелігіне деген сенімін қалыптастыру бағытында келелі ұсыныс-пікірлер айтылады. Тек айтылып қана қоймайды, оларды болашақта жүзеге асыру тетіктері жасалады. 1996 жылдан бері еліміздің судьялар қауымдастығы IX съезде бас қосты. Бұлардың әрқайсысында көтерілген бастамалар заң үстемдігін қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының IX съезінде Президент саладағы реформаларға, солардың негізінде атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады. Әсіресе, онлайн сот отырыстарының ел халқының құқықтық сауатын арттырудағы маңызына тоқталған Мемлекет басшысы осы үрдісті, сондай-ақ, жүйе жұмысын цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізуді одан әрі жалғастыруды тапсырды.
Бұл шаралар өз кезегінде сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етіп, ашықтықты арттырары хақ. Бүгінгі таңда ел соттарына электронды жүйе толықтай енгізілген. Компьютерлік жаңа технологияларды игеру сот қызметкелерінің білім-біліктілігі мен дағдысын жаңғыртып, уақыт көшінің алғы сапына жетелеуімен құнды. Биылғы съезде сондай-ақ, әрбір судьяның кәсібилігі мен тәжірибесін объективті бағалауға мүмкіндік беретін біліктілік сыныптарын енгізу мәселелері қаралды.
Алқалы жиында қозғалған тағы бір басты мәселе елімізде кассациялық соттардың жұмысын бастау шаралары пысықталды, соған орай алдағы жоспарлар нақтыланды. Келер жылдың шілде айынан бастап Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық соттар құрылады. Апелляциялық сот алқасының шешімімен келіспегендердің кассациялық сотқа жүгіну мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, осы съезде судьялар қауымының басты бағдар етер құжаттарының бірі Әдеп кодексінің жаңартылған нұсқасы қабылданды. Аталған кодексте судьялардың кәсіби және қызметтен тыс өміріндегі мінез-құлықтарының этикалық ережелері бекітілген.
Әрбір съезд қарарында заңдылық пен құқықтық қорғауды нығайтатын, сонымен бірге соттардың қызметін жетілдіретін басым бағыттар айқындалады. Биылғы IX съезде де бұл үрдіс жалғасын тапты. Атап айтар болсақ, сот жүйесінің тиімділігін және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бекіту, қабылданған шешімдердің әділдігін және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың жаңа элементтерін енгізу, халықты сот төрелігін жүзеге асыру жағдайы туралы ақпараттандыру шаралары нақтыланды.
Сонымен қатар, қарарда шетелдік соттармен тәжірибе алмасу және судьялардың халықаралық қауымдастығымен, Еуропа Кеңесінің Сот төрелігінің тиімділігінің халықаралық қауымдастығымен өзара іс-қимыл жасау арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сот төрелігін дамыту мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің ағымдағы тәжірибесін жүйелі түрде жариялау, қызметтегі және отставкадағы судьяларды әлеуметтік қорғауды арттыру бөлігінде заңнаманы жетілдіруге бастамашылық ету сынды басқа да міндеттер бар. Қазақстандық сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуында судьялар қауымдастығы съездерінің маңызы зор деуге толық негіз бар.
Талғат Садықов,
Алмалы аудандық No2 сотының төрағасы
Алматы қаласы

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...