Жанель Мақажан өзінен 8 жас кіші актермен кездесіп жүр

Жанель Мақажан актер Абай Асылханмен кездесіп жүр. Актриса өзінен 8 жас кіші актермен көңіл қосты. Ол менің адамым деген Жанель «махаббат жасқа қарамайды» деген ұстанымда.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды,деп жазады stan.kz.

Жанель Мақажан актер Абай Асылханмен көңіл жарастырды. Бұл туралы ашық айтып, Абай менің адамым деп мойындады.

«Абай Асылхан — менің адамым. Ол менен 8 жас кіші. Бірақ мен махаббат жасқа қарамайды деп санаймын. Қазір дәл осы ұғымды өзім толық сезініп жүрмін. Екеуміз бастапқыда дос болдық. Жақын араласып жүрдік. Екеуміз де өлең оқитынбыз. Жандүниеміз үндес болғандықтан ба, жанымызға жақын нәрсе көп пе, әйтеуір сезім пайда болды. Өнер адамы болған соң бір-бірімізді түсінеміз. Бір салада жүргендіктен, көзқарасымыз да бірдей. Сондықтан ол менің адамым», — деді Жанель.

Көпшілік Жанельді Жахан Отарғалиевпен көңіл қосты деп болжады. Алайда олар тек жақын дос екендерін айтып ақталды.

«Жахан екеуміз керемет доспыз. Арамызда ондай сезім, махаббат жоқ. Жай ғана вайн түсіреміз. Көпшілік сол үшін бізді жұп деп ойлайды», — деді актриса.

Жанель Мақажан жақында Түркиядан оралды. Бір апталық демалысы үш аптаға созылған. Театр актрисасы бір уақытта бірнеше істі қолға алғанын айтады. Театрдан бөлек киноларға шақырту алған. Бос кезінде киім тігеді. Вайн түсіреді.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...