12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жандос ТЕМІРҒАЛИ, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары: «Мақсатымыз – елдің инвестициялық имиджін ілгерілету»

– Жандос Айбекұлы, өзіңіз бас­қаратын компанияның 2018–2027 жылдарға арналған даму стратегиясы қалай жүзеге асып жатыр?
– Даму страте­гиясына сәйкес, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ миссиясы – экономика­ның басым секторлары­на шетелдік ин­вес­тициялар­ды тарту және ин­вестициялық жобаларды кешенді қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
2017 жылы ұлттық компания мәртебесін алған сәттен бастап шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу тәсілін жүйелендірді. Сөйтіп, жұмыс­тың негізгі 4 бағыты айқындалды: ірі компания­лар мен трансұлттық компанияларды (ТҰК) тарту; инвес­тициялық жобаларды ілестірумен қамтамасыз ету; инвес­торлар үшін жұмсақ инфрақұрылым құру, оның ішінде сервистік қолдау көрсету және елдің инвестициялық имиджін ілгерілету.
KAZAKH INVEST тұрақты түрде инвесторлардың Қазақстанға келуіне жәрдемдесу, жобаларды іске асыру үшін алаңдарды анықтау, қаржыландыру көздерін, жергілікті бизнес-серіктестерді анықтау, рұқсат беру және басқа да құжаттарды алуға жәрдемдесу, сондай-ақ, құқықтық және басқа да мәселелер жөнінде кеңес беру бойынша шараларды іске асырады.
Оның даму стратегиясының негізгі мақсаттары: 1) тиімділікті арттыруға бағытталған инвестицияларды тарту; 2) Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу; 3) компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасындағы өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құру.
Шетелдік инвесторлармен жүзеге асырылатын жұмыс нақты қолға алынған. Инвестициялық жобалар мен инвесторлардың тиісті базасы құрылды. Қазақстан экономикасына инвестиция құйған әрбір шетелдік инвестормен адрестік жұмыс жүргізілуде. Шетелдік инвестордың әрбір жобасына ұлттық компанияның жауапты қызметкері бекітілген, ол тұрақты негізде инвес­тициялық жобалардың проблемалық тұстарын анықтайды және оларды шешуге қол ұшын созады.
– Компанияның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі қандай?
– KAZAKH INVEST өзінің негізгі миссиясына сәйкес экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға және инвестициялық жобаларды жан-жақты қолдауға көмектеседі.
Қазақстанға тікелей шетелдік инвес­тициялардың келуі өз кезегінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. Инвестициялар ағынын алып қарағанда ел үшін негізгі басымдық бірінші кезекте қосымша жұмыс орындарын құру тұр. Осылайша, KAZAKH INVEST қолдауымен 2021 жылы шамамен 5 мың жұмыс орны құрылып, 3,8 млрд АҚШ долларынан астам қаражатқа 57 жоба іске асырылды. Сондай-ақ, инвестициялар ағыны капиталдың жиналуына ықпал етеді, зерттеулер мен әзірлемелерге және де жаңа экологиялық таза технологиялардың, басқарудың жетілдірілген әдістерін енгізуге, еңбек дағдыларын дамытуға, қосымша салық түсімдеріне ықпал етеді, бәсекелестікті және ел экспортының кеңеюін ынталандырады.
Қазақстандық және шетелдік инвесторлар жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар пулы туралы да мәлімет бере кетсеңіз.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жобаларды іске асыру барысындағы қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін KAZAKH INVEST ҚР Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ, салалық министрліктер және әкімдіктермен бірлесіп «инвестиция­лық жобалардың бірыңғай пулын» құрды. Пулға кіру өлшем шарттары: жобаның құны 500 млн теңгеден жоғары болу керек; жеке кәсіпкерлік субъек­тілерінің жобалары (отандық және шетелдік инвесторлар); тұрғын үй кешендерінің құрылысын қоспағанда, шикізат емес секторлардың жобалары.
Инвестициялық жобалардың бір­ың­ғай пулы министрліктер мен әкімдіктердің сайттарында биылғы 8 сәуірде жарияланды. Жиналған тәжірибе мен құзыреттердің арқасында бүгінде әлемнің 30-дан астам елінен жалпы сомасы 54 млрд АҚШ долларын (24 трлн теңге) құрайтын761инвестициялық жобадан тұратын бірыңғай пул қалыптастырылып, 108 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
Бұл ретте, іске асырылған жобаларға қарасақ, олардың саны жылдан жылға өсіп келе жатқанын байқауға болады: 2017 жылы – 9 жоба, 2018 жылы – 27 жоба, 2019 жылы – 40 жоба, 2020 жылы – 41 жоба, 2021 жылы – 57 жоба. Пул KAZAKH INVEST, сондай-ақ, бейінді министрліктер мен әкімдіктердің сайттарында жарияланды. Және де онда мемлекеттік органдардың жауапты бөлімшелерінің байланыс деректері көрсетілген. Сондай-ақ, жобалар пулы бойынша ақпарат тоқсан сайын жаңартылып, өзектендірілетін болады.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

ОСОБЕННОСТИ НАЗНАЧЕНИЯ НАКАЗАНИЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ

ЮВЕНАЛЬНОЕ ПРАВОСУДИЕ ЯВЛЯЕТСЯ САМОЙ, ПОЖАЛУЙ, ЧУВСТВИТЕЛЬНОЙ СФЕРОЙ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ,...

КТО ЗАЩИЩАЕТ МАЛЫЙ И СРЕДНИЙ БИЗНЕС В КАЗАХСТАНЕ?

Сфера государственных закупок в Казахстане давно стала ассоциироваться с...