Халықты баспанамен қамтуда жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келеді. Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023– 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылуда. Мәселен, Жамбыл облысында коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 40 174 азамат тіркелген. Оның 30 045-і әлеуметтік осал топтағы адамдар.
Жамбыл облысы əкімдігінің құрылыс басқармасының Тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялар жəне бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дəулет Дайрабаевтың айтуынша, былтыр облыс аумағында 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, ондағы өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 104,5 пайызды құраған. Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 765,0 мың шаршы метр, ал өсім 100,8 пайызды құрайды деп жоспарлануда. Оның 33 пайызы бюджет қаражаты есебінен, 67 пайызы жекеменшік кəсіпкерлер қаражаты есебінен орындалмақ. «Қаңтар-маусым айларында 317,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы сəйкес кезеңмен салыстырғанда жоспар 102,2 пайызға орындалды. Биыл құрылыс саласына 365,8 млрд теңгеге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстарының көлемін 109 пайызға асыра орындау жоспарланды. Қаңтар-маусым айының қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемі былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 111,5 пайызға орындалды. Биыл кезектегі азаматтарды əлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен жалпы 36,0 млрд тенге бөлініп, нəтижесінде 3 445 тұрғын баспаналы болады. Оның 1 505-і əлеуметтік осал топтағылар»,– дейді бөлім басшысы Д.Дайрабаев. Дəулет Анабекұлының сөзіне қарағанда, биыл 14,5 млрд теңгеге 2 190 пəтерлі 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2 030 пəтерге арналған 44 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады Атап айтсақ: Тараз қаласындағы 15-мөлтек ауданында 960 пəтерлі 17 үй, Асқаров көшесінің соңындағы шағын ауданда 80 пəтерлі 4 үй, 14-мөлтек ауданда 800 пəтерлі 22 үй, Сарысу ауданында 90 пəтерлі 1 үй. Бүгінгі күнге бюджет қаражаты есебінен 420 пəтерлі 8 əлеуметтік тұрғын үй құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқабында 1 176 пəтерлі 30 көпқабатты əлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары əзірленіп құрылысын бастау үшін 7,7 млрд тг Өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігіне өтінім ұсынылды. 2025 жылы халықтың əлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлінді. Жоспар бойынша оған 1 415 пəтер сатып алынады. Оның ішінде 361 пəтер 4,9 млрд теңгеге республикалық бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласынан (140), Талас (35), Байзақ, Меркі, Шу (отыз-отыздан), Қордай (26), Т.Рысқұлов (20), Мойынқұм (10) аудандарынан. Ал облигациялық қарыз есебінен 16 533,5 млн теңгеге 1054 пəтер Тараз қаласы (120 ) мен Байзақ ауданы (180), Жамбыл (140), Талас (120), Сарысу (120), Шу (110), Т.Рысқұлов (100), Қордай (94), Меркі (60), Мойынқұм (10) аудандарынан сатып алынатын болады.
Қ. ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»