Жамбыл облысында атыс болып, бір адам көз жұмды

Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып, 4 адам жарақат алды. 1 адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 25 қыркүйекте болған. Атыс туралы ақпарат полиция бөліміне 00:18-де келіп түскен. 

«Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізілуде және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада. 

Көп ұзамай полицейлер күдіктілердің анықталғанын мәлімдеді. Оқиғаның екі қатысушысы қамауға алынған. Үшінші күдіктіге қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

«Тергеу нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ. Сондай-ақ тағы бір күдікті қылмыстық қудалау органдарымен халықаралық іздеу салуға жарияланды», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Саламатов.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...