Жамбыл облысында 120 орындық студенттік жатақхана ашылды

Жамбыл облысында Жұмысшы мамандықтар жылы және Жастар күніне орай 120 орындық жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді.

Нысанның құрылысын жеке кәсіпкер Меиз Рыспаева жекеменшік әлеуметтік серіктестік аясында жүргізіп, толықтай аяқтады. Жоба жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту және қолжетімді білім беру кеңістігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылды.

Жатақханада Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледждің студенттері тұрады. Ғимарат заманауи стандарттарға сай салынып, барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған: жатын бөлмелер, оқу және демалыс залдары, асхана мен кір жуу бөлмелері бар.

Ашылу рәсімі «Jastar Life Talks» мотивациялық форумымен жалғасты. Форумда әртүрлі салада жетістікке жеткен жас мамандар мен танымал тұлғалар студенттермен кездесіп, табысқа жету жолындағы тәжірибелерімен және мотивациялық ойларымен бөлісті. Мақсат – жастарға шабыт беріп, өз армандарын жүзеге асыруға жігерлендіру, өмірлік және кәсіби бағдарларын айқындауға қолдау көрсету.

Іс-шара соңында белсенді жастар марапатталды.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...