12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданылу аясын кеңейту мақсатында, сонымен қатар Президент Жолдауының қағидаларын іске асыру үшін, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе меңгерушісі Қ.Назарқұлова және сот мамандарының қатысумен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбынла семинар өткізілді.

Семинар барысында жетекші маман Ж.Қраубек, «Тіл – мемлекеттің белгісі және тірегі. Біздің міндетіміз тілдің қолдынылу деңгейін көтеру. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қолданылады: қоғамдық қатынастар саласында, заң жобаларында, сот ісін жүргізуде және іс қағаздарын жүргізуде, сондықтан мемлекеттік тілдің қолданылуы жоғары деңгейде болуы тиіс, деп атап көрсете отырып, еліміздің тіл саясатының негізгі мәселелерімен қатар мемлекеттік тілді дамыту мен нығайтуға, соның ішінде сот ісін жүргізу тіліне әсер ететін бірқатар факторларды атап өтті. Сонымен бірге, Ж.Қраубек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатыны туралы айтылғанын да тілге тиек етті.

Семинар қатысушыларымен мемлекеттік тілде қаралатын істердің саны мен сапасын арттыру, процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты жасау мәселесі талқыланды.

Кеңсе меңгерушісі өз кезегінде, статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, 2020 жылы сотпен барлығы 104 іс қаралды, оның ішінде мемлекеттік тілде 57 іс қаралып, 55 пайызды құрады. Мемлекеттік тілдің құжат айналымында қолданылуы: 2020 жылдың 12 айында соттың өндірісіндегі кіріс құжаттарының жалпы саны 3658 құжат, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар саны 3064, пайыздық көрсеткіші 84, шығыс құжаттарының жалпы саны 4412, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар саны 4289, пайыздық көрсеткіші 97, ішкі құжаттар саны 369, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар саны 352, пайыздық көрсеткіші 95, деп атап көрсетті.

Әрбір мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуға міндетті екендігін және өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға тиіс екендігін білуі қажет,- деді Қ.Назарқұлова семинар сабақты аяқтай отырып.

Семинардың қорытындысы бойынша іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылу сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар беріліп, тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

Райхан Ратова, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...