Осы жылғы Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанның жастарына, әсіресе студенттерге ерекше мән беріп, олардың бойында жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған маңызды тапсырмалар берді. Бұл тапсырма – еліміздің болашақтағы дамуы үшін аса қажет, себебі қазіргі жастар елдің ертеңі,болашағы. Қазақстанның рухани байлығын сақтау, ұлттың бірегейлігін нығайту және мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету мақсатында жастарды ұлттық құндылықтарға баулу басты бағыттардың бірі болып отыр. Мемлекет басшысының бастамасы ұлттық бірегейлік пен елдің рухани-мәдени мұрасын сақтау жолында маңызды қадам. Жастардың бойында ұлттық болмыс, патриотизм және азаматтық жауапкершілік қалыптастыру арқылы олардың өз еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамдағы өз орындарын сезінуге мүмкіндік жасау көзделуде. Бұл орайда, жастардың ұлттық құндылықтарды түсінуі және қабылдауы олардың рухани дамуын, мемлекетке деген адалдығын және қоғамға қосатын үлесін арттырады.Жаңа оқу бағдарламаларына ұлттық тарих, мәдениет және дәстүрлерді тереңірек меңгертетін пәндер енгізу жоспарлануда. Бұл жастарға ұлттық мұралар туралы түсінік қалыптастыруға және рухани дамуына оң әсер беретінін мемлекет басшысы атап өтті.
Жоғарыда аталған мемлекет басшысының бастамасын қолдай отыра,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы тарапынан білім алушыларға арналған қазақ халқының бай мәдениетін таныстыру мақсатында мәдени іс-шаралар,ұлттық мерекелер мен дәстүрлі фестивальдар өткізілуде,оқытушылар аптаның бір күні (жұма) ұлттық киіммен жұмысқа келуде. Жастармен жұмыс істеуде жалпыұлттық құндылықтарды ықпалдастыру Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың бірі ретінде еліміздің дамуына үлкен үлес қосады. Бұл бастама жас ұрпаққа ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіруге бағытталған және Қазақстанның болашағын қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады. Әрбір қазақстандық жас еліміздің тәуелсіздігін, рухани байлығын және бірлігін сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу жолында еңбек етуі тиіс.
Мухамадиева Г.Н
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к