Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратында партияның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаға арналған талқылау өтті

Жиынға Ақмола және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты,  халық талқысына ұсынылып отырған Конституцияның жаңа жобасына енгізілген өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру, оған қатысты ұсынылған өзге де ұстанымдар бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Ата Заң жобасын өңірлерде талқылау барысын пысықтау болды. Бұл өз кезегінде партия құрылымдарының қоғамдағы рөлін айқындай түсті.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов қатысушыларға ұсынылып отырған Конституция жобасы елдің болашақ дамуы мен қалыптасуына бағытталған жаңа бағдар екенін атап өтті. Сонымен қатар, партия төрағасы елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды әлемдік деңгейдегі «Социалистік интернационал» халықаралық саяси ұйымының толықтай қолдайтынын жеткізді. Айта кету керек, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – Қазақстандағы осы халықаралық саяси ұйымға мүше бірден-бір партия.

Жиын барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарын, оның қоғамдық-саяси даму үшін маңызын, сондай-ақ әлеуметтік салаға, еңбек қатынастарына және мемлекеттік басқару жүйесіне ықтимал әсерін жан-жақты саралады. Ұсынылып отырған өзгерістерді терең әрі жан-жақты түсініп, оны қоғам мүшелеріне жүйелі түрде түсіндіру қажеттігі ерекше атап өтілді.

Қатысушылар азаматтардың Ата Заң жобасына бей-жай қарамауы керектігін айтып, өңірлік ерекшеліктер мен халықтың нақты сұраныстарын ескере отырып, алдағы уақытта азаматтардың талап-тілектерін заң аясында жүйелеу қажеттігі де сөз болды.

Диалог барысында ЖСДП өкілдері халық тарапынан келіп түсетін барлық өтініштер мен ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, Конституциялық реформа аясында «Халық Кеңесі» мен Құрылтайдың, сондай-ақ саяси партияның атқарып жатқан қызметінің барлығы халық мүддесіне бағытталған. Бұл бағыт Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен де үндес екені егжей-тегжейлі баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша ЖСДП-ның бастауыш партия ұйымдары өңірлерде түсіндіру және пікірталас жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруға дайын екендерін растады.

Іс-шара іскерлік және конструктивті жағдайда өтіп, партия белсенділерінің Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын талқылауға белсенді қатысқанын нақтыланды.

ЖСДП баспасөз қызметі

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...