Танымал құрылыс компаниясы блогерді сотқа бермек

Rams Qazaqstan құрылыс компаниясы заңды тұлғаның іскерлік беделін, сондай-ақ компания басшыларының ар-намысы мен абыройын қорғау үшін «Qamalladin Media» компаниясының негізін қалаушы Абылайхан Камаладиннің үстінен сотқа шағым түсірмек, деп хабарлайды Zanmedia.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Абылайхан Камаладиннің Instagram әлеуметтік желісіндегі стористері себеп болған. Онда ол Rams Qazaqstan басшылығын, атап айтқанда «Бұлбұл Доғанның отбасы Қазақстаннан кетіп қалды», «сыбайлас жемқорлық әдістерге барды және Қазақстанның заңнамасын бұзды» деп айыптауы себеп болған. Сондай-ақ ол «компания 10 мыңдаған адамды бақытсыз етіп, активтерді Түркияға көшіріп алған» деген жалған ақпарат таратқан.
Компанияның айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және компанияның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіреді. Осы орайда олар бұл жағдайды түсіндіріп берді.
«2021 жылы Абылайхан Камаладин NEF Uptown тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлік сатып алған, ол кезде Rams Qazaqstan бас мердігер ретінде қызмет етті. 2021 жылдың наурыз айында NEF компаниясының құрылтайшылары жобаны Rams Qazaqstan қатысуынсыз өздері ғана жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Осыған байланысты жобаны басқару және іске асыру толығымен NEF компаниясының басқаруына өткен. Жер учаскесі де ТОО Неф энд Рам компаниясының пайдасына иеліктен шығарылды. Сонымен бірге, NEF компаниясы заңды түрде (нотариалды куәландырылған барлық құжаттар, соның ішінде шарттар мен міндеттемелерді бұзу туралы құжаттардың көшірмелері бар) барлық кредиторлармен және несиелік міндеттемелермен есеп айырысуларды өзі жүргізуге және банк алдындағы барлық қарыздарды төлеуге міндетті өз мойнына алды. Осыған қома тұрғын үй кешенін уақытында пайдалануға беруге шарт жасасты», — деп түсіндірді компанияның баспасөз қзыметі.
Алайда 2024 жылы NEF компаниясы кредиторлар алдындағы өз міндетін орындай алмай, есеп-шоттары бұғатталып «Nef Uptown» ТК пайдалануға бере алмай қалады. Бұл уақытта жүздеген үлескер өз пәтерін күтіп отырған еді.
Осылайша қазіргі жағдайда Абылайхан Камаладин Абылайхан RAMS QAZAQSTAN компаниясының басшылығына NEF компаниясына төлеген ақшалай қаражатты қайтаруды талап етіп отыр.
«Бұл жағдайда акционерлер сияқты Rams Qazaqstan компаниясы да жәбірленуші тарап, өйткені NEF келісім-шартты бұзу кезінде келісілген қаржылық міндеттемелерін орындамаған. NEF компаниясының төңірегіндегі күрделі жағдайды ескере отырып және әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін Rams Qazaqstan басшылығы жобаға көмектесу туралы шешім қабылдады. Осы кезде Абылайхан Камаладин Rams Qazaqstan компаниясының басшылығына жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде NEF-ке төлеген қаражатты қайтаруды ұсынып, шарттарды қойды», — делінген компанияның хабарламасында.
Сонымен қатар 2023 жылдың қарашасында Абылайхан Камаладиннің компаниясымен Rams Qazaqstan үшін жарнамалық қызмет үшін жыл сайынғы ақылы келісім жасады. Бұл келісім 2024 жылдың қарашасына дейін жарамды.
«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Абылайхан Камаладин өзінің Instagram парақшасында осындай материалды жариялау арқылы, сондай-ақ басқа да белгілі тұлғалар мен блогерлерді ақпаратты тартуға шақыру арқылы өзіне қолайлы жағдай жасауға тырысып жатыр. Ол өз мүддесі үшін қоғамдық пікірді манипуляциялау әдістерін қолдана отырып, жеке қаражатты қайтармақ», — дейді компанияның баспасөз қызметі.
Құрылыс компаниясының өкілдері Бұлбұл Доғанның отбасы Қазақстаннан кетпегенін жеткізеді.

Қайрат Закирьянов:Қазақстанның басты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...