12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жалған айғақ берудің жауапкершілігі ауыр

Кейбір жағдайларда айыпталушының туыстары, дос не таныстары жақынына көмектесіп, жазасын жеңілдету үшін жалған айғақ беріп жатады. Дегенмен олар мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін білмейді. Осы орайда жауап алуға шақыртылған азаматқа жалған айғақ үшін қылмыстық жауапкершілік қолданылатыны алдын ала ескертілуі керек.

Осы орайда атап өтсек, егер сіз айғағыңызды өзгерткен болсаңыз, күдіктіге, сотталушыға қатысты бұрмаланған айғақтар берсеңіз немесе айыпталушыны кінәлау немесе ақтау үшін өзіңіз білетін фактілерді жоққа шығарсаңыз және сіздің айғақтарыңыз қылмыстық іс материалдарына қайшы келсе, сіз ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. Бапта 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Айта кетейік, егер сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдiк ниетпен берілген жалған ақпарат үшін азамат 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Жалған айғақтар беру құқық қорғау органдарының қалыпты қызметіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Көрінеу жалған айғақтар беру қауіпті, себебі олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе сот талқылауын жүргізетін адамдарды бей-жай қалдыруы, оларды жаңылыстырып және заңдылықтың бұзылуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде, кінәсіз адамдардың сотталуына және керісінше, қылмыс жасаған адамдарды жауапкершіліктен босатуға әкеліп соқтырады.

Айғақтардың жалғандығы нақты істі шешу үшін маңызы бар хабарланатын мәліметтерді бұрмалаудан, сондай-ақ шынында орын алған фактілерді теріске шығарудан тұрады. Қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілген азаматтар көбінесе сотта өз айғақтарын өзгертеді. Жалған куәгерлік пен жалған айғақтар беру фактілері құқық қорғау органдарының да, соттың да назарынан тыс қалмайды. Сондықтан жалған айғақ берудің жауапкершілігі ауыр екенін естен шығармаңыз!

Бакиева Салима Абдулрахмановна, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – азаматтық істердегі құқықтық кепілдік

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтық құқықтық қатынастар тек бір мемлекеттің...