spot_img
spot_img

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АУЫР

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері елде 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелген. Бұл туралы департамент басшысы Жандос Сүйінбай ресми түрде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінің құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл құрылым тек интернет алаяқтықты ашумен ғана емес, оның алдын алу, ұйымдастырушылық жəне заңнамалық реттеу шараларымен де айналысады. Полиция 74 sim-box құрылғысын жəне тіркелмеген 88 мыңнан астам sim-карта тəркіледі. Бұл деректерге қатысты 30 адам ұсталды, оның ішінде 14-і – шетел азаматтары. Интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізу нəтижесінде заңға қайшы мазмұндағы 59 мың интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды. Жыл басынан бері 870 адам интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «Антифрод-орталығы» арқылы банктермен бірлескен жұмыс нəтижесінде азаматтардан ұрланбақ болған 2,6 млрд теңгеден астам қаражаттың шығарылуына жол берілмеді. Полиция байланыс операторларымен бірлесіп 66,9 млн жалған қоңырауды бұғаттады. ІІМ мамандарының айтуынша, интернет кеңістігінде күмəнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз адамдардан келген хабарламаларға банк деректерін бермеу, ресми емес сайттарда жеке мəліметтерді қалдырмау – қарапайым, бірақ тиімді қорғаныс тəсілдерінің бірі. Мамандар əсіресе Telegram, WhatsApp сияқты мессенджерлерде таралатын жалған жарнама мен инвестициялық ұсыныстарға назар аудару қажет екенін ескертеді. Мұндай хабарламалар арқылы азаматтар өз мəліметін беріп, алаяқтардың тұзағына түседі. Киберқылмысқа қатысты нақты жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген. Атап айтқанда, 274-бап – «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қоғамдық тəртіпке немесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде кінəлі тұлғалар 3 – 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, «Онлайн платформалар жəне онлайн жарнама туралы» заң аясында əлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы контентке бақылау күшейтілді. Бұл – халықты манипуляциядан, алдаудан жəне заңсыз жарнамалардан қорғауға бағытталған шаралардың бірі. Бүгінгі қоғамда интернетті қауіпсіз пайдалану мəдениеті қалыптаспаған жағдайда, ең заманауи технологиялар да жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан тек мемлекеттік құрылымдардың емес, əрбір азаматтың да киберқауіптерге қарсы иммунитеті болуы қажет. Бұл – цифрлық сауаттылықты арттыру, өз деректерін қорғау, күмəнді ақпарат пен сілтемелерге сенбеу, кибергигиена ережелерін сақтау арқылы ғана жүзеге асады. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік – бұл шекарасы жоқ сала.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...