Жабық сот отырысын жүргізу тәртібі

Республикамызда азаматтық заңдар тәртібіне сәйкес, азаматтық істер барлық сот сатыларында ашық талқыланады. Дегенмен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері жоғары деңгейде қорғалуы үшін сот талқылауын жабық түрде өткізу тәртібі де белгіленген. Соған орай, мемлекеттік құпияға жататын мәліметтері бар шешімдерді жариялау, бала асырап алу туралы істерді қарап, шешу заң талабына сай жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Бұған қоса жабық сот отырысы адамның жеке өміріне қолсұғылмау, отбасылық және коммерциялық, т.б. заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттілігі туған, сондай-ақ, ашық талқылауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде жүргізіледі. Осы ретте айтып өтер тағы бір жайт, Азаматтық процестік кодекстің 188-бабының 4-бөлігінде көзделсе, іске қатысатын адамның өтінішхатының негізінде немесе соттың бастамасымен іс жабық сотта қаралады. Бұл нормалар аталған кодекстің 19-бабымен бекітілген.

   Осы бапқа тереңірек тоқталсақ, жеке хаттар мен басқа да жеке хабарларға байланысты істер оларға қатысы бар адамдардың келісімінсіз  жабық сот отырысында жария етіліп зерттеледі. Жазбалар мен хабарламалар тиесілі азаматтар келіскен жағдайда сот отырысы ашық түрде өтеді. Бұл талаптар жеке сипаттағы мәліметтері бар дыбыс-бейнежазбалар мен суретерді, киноға түсіру материалдарын, электрондық, цифрлық және өзге де материалдарды зерттеу кезінде де қолданылады.

 Жабық сот отырысында іске қатысушылар мен  өкілдері, қажет болса куәлар мен сарапшылар, аудармашылар, өзге де мамандар қатысады. Олардың құпиялықты сақтауы үшін жауаптылығы ескертіледі. 19-баптың 5-бөлігімен нақтыланғандай, іске қатысы бар немесе куә болмаса 16 жасқа толмағандар сот отырысы залына кіргізілмейді. Айрықша айтарлығы, іс жабық сот отырысында талқыланған кезде Азаматтық процестік кодекспен бекітілген барлық қағида қатаң сақталады.

 Ал ашық сот отырысында іс қатысушылары, сот залындағы өзге де адамдар, сондай-ақ, БАҚ өкілдері процесс барысы бойынша жазбалар жасап, оларды аудиожазу құралдары, цифрлық жеткізгіштердің көмегімен жазып алу құқығына ие.  Ал сот залында кино, сурет, бейнежазба түсіру, тікелей радио және телетрансляция жүргізу, т.б. мәселелерде соттың рұқсаты іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып беріледі.  Мұндай әрекеттер процестің қалыпты өтуіне кедергі келтірмес үшін сот оларды уақыт жағынан шектеуге құқылы.

Сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін соттың интернет-ресурсында жарияланады. Әрі олар 19-баптың 2-бөлігімен, өзге де заңдармен бекітілген  шектеулер назарға алына отырып, жариялы түрде талқылануы мүмкін.

Индира Абекова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...