Жақында тұрмысқа шығамын — Айгүл Иманбаева

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева тойдың ауылы алыс еместігін айтып берді. Жасы қырықтан асқан актриса алдымен өзі теңін тауып, тұрмысқа шығып, кейін  ұлын үйлендіретінін жеткізді.

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Кино және театр актрисасы, әнші Айгүл Иманбаева «Ең алғашқы» бағдарламасында ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. Актриса 5 жасында ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін, әкесін қайта қабылдау, кешіру қиын болғандығын айтты.

«Айгүлдің шешесімен 11 жыл отастық,  екі қыз, бір ұлым бар. Дәм-тұзымыз жараспады. Айгүл 5 жасында кетті. Кішкене ішімдік ішіп келемін ылғи. Келемін де қыздарымды көргім келеді. Ал олар менен қашады», -дейді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесінің жиі ішіп келетіндігін актриса сол заманның талабы солай болған шығар деп болжайды. Нағашы туыстарының арасында, көрші-қолаңның ішінде ішіп алып, үйлерінде айғай-шу, ұрыс-керісті көп көрген Айгүл Иманбаева маскүнемдерге деген қорқыныш бала кезінен қалып қойғанын жеткізді.

«Әкем жүз грамдатып келгенде біз шынымен үйден безетінбіз. Арықтың ішіне, сабанның үстіне, шөптің ішіне тығылатынбыз. Ішкен адамнан қорқыныш болды. Біз шынымен қатты қорқатынбыз.  Жүз граммнан қалған бала кездегі қорқыныш осындай болды» — дейді Айгүл Иманбаева.

Бала күнгі қорқыныштар мен  өкпе-назды ұмыту үшін актрисаға 40 жыл қажет болған. Бүгінде әкесінің жаңа отбасымен, ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

 

«Соңғы жылдары ұлым үйленді. Сол кезде Айгүл маған хабарласты. Балаңыз үйленіп жатыр, шешеміз бізді күлге аунап тапқан жоқ, сіздің де балаңыз емес пе? Тойына кел деді. Сондай дөрекі сөйледі, сен деп сөйлегенін мен көңіліме алдым. Ашуландым, бармаймын деп телефонды тастай салдым. Бірақ жолдастарым бұл маған берілген мүмкіндік екенін, бала-шағаммен араласудың уақыты келгенін түсіндірді. Тойға бардым. Айгүлдің өзі күтіп алды. Телефонмен дөрекі сөйлескенімен, кездескенде жылы жүздестік. Менің әкем келді деп қарсы алды. Сонысы ұнады» — деді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесін кешіріп, қабылдаған Айгүл Иманбаева енді тұрмыс құруға жолы ашылатындығына сенімді.

«Үйде Асылжан келін түсірсін деген әңгіме басталса, мен асықпаңдар алдымен мен кетем, одан кейін Асылжан үйленеді деймін. Балам «Сендей әйел жалғыз болмау керек, өзіңді қадірлейтін қасыңда азаматың болсыншы» деген кезде түнімен жылап шыққаным рас» — дейді Айгүл Иманбаева.
Баласының рұқсатын алған, бұрынғы күйеуімен сыйластығын сақтап қалған актриса енді жолының ашылатынына сенімді. Әншінің анасы да қызының тұрмыс құрып, отбасылы болғанын қалайды.

Крах финпирамиды: не случайность, а неизбежность 

С ГРОМКИМ ТРЕСКОМ ОБРУШИЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА ФИНАНСОВАЯ ПИРАМИДА. ПОД...

Цена нарушенной безопасности

СУД В ЩУЧИНСКЕ ВЫНЕС ПРИГОВОР ПО ДЕЛУ О ВЗРЫВЕ...

Судебной экспертизе Казахстана – 75 лет 

75-ЛЕТИЕ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНОЙ СИСТЕМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН – ЗНАМЕНАТЕЛЬНАЯ ДАТА ДЛЯ...

Вызов навстречу трагедии

В ГРОМКОМ ДЕЛЕ О ГИБЕЛИ ФЕЛЬДШЕРА УЛДАНЫ МЫРЗУАН В...

Задача – повышать авторитет судебной власти 

25 ЯНВАРЯ 1999 ГОДА В Г. АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ ВТОРОЙ...