«Жағдай әлі де тұрақталған жоқ» — Алматы санитария дәрігері

Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Бұл туралы қалалық әкімдік және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері ӨКҚ онлайн-брифингінде хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 515 жағдайы тіркелді, оның 434-і симптомсыз және 81-і симптоммен. Емделіп шыққандар — 285. Бүгін шығарылғандар — 248, ауруханаға түскендер — 317.

«Инфекциялық стационарларда барлығы 2 849 адам жатыр, оның ішінде 107-сі бала. Ересектерден 45-і аса ауыр жағдайда, 409-ы ауыр, 2 395-і орташа дәрежеде. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде барлығы 152 науқас жатыр, онда 298 орын бос. ӨЖЖ-де-сегіз адам, инвазивті емес ӨЖЖ-де — 58 адам, 42 аппарат жұмыс істеп тұр.

Халық аренада 34 науқас ем қабылдап жатыр, онда жалпы мың орын бар. Жеті қонақүйдегі карантинге арналған орын бос емес», — деді Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали.

Сондай-ақ, ол қаладағы вакцинация туралы айтты. Оның айтуынша, бірінші ақпаннан сәуірге дейін вакцинаның 15 750 дозасы түскен. Бірінші компонент 100 пайызға игерілді. Ревакцинация жүріп жатыр. Екінші компонентті 3 810 адам салдырды. Бүгін төртінші транш бойынша — вакцинаның 21 860 дозасы үлестіріледі.

«Жағдай әлі де тұрақты емес. Алматы «қызыл» аймақта орналасқан. Бұл мутацияланған штамдардың таралуына байланысты. Наурыздың басынан бастап коронавирус жұқтырған  9 525 дерек тіркелді. Наурызда өсім қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш болып тұр. Сырқаттанғандардың ең көп пайызы ЖК немесе ЖШС-де жұмыс істейтін адамдар», — деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова

Меңдібай аға 600 шақырымдық межеден өтті: Балқаш «Құрылтайға жол» эстафетасын қабылдады

«Құрылтайға жол» ультрамарафоны жаңа межеге жетті. Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін,...

Еркіндік пен әдепсіздіктің шекарасынан өтіп кетпейік

Достар, мен бүгін маңызды мәселе көтергім келіп отыр. Ол...

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...