«Жағдай 3 есе нашарлады» — Цой коронавирус жұқтыру туралы

2021 жылы сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның барлық өңірінде өсіп жатыр. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанудың 61 пайызы үш өңірде тіркелген — Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облысы.

«Биыл сәуірде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сәуірдің алғашқы 11 күнінде коронавирустың 24 955 жағдайы тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі үш есе өсті. Тәулігіне 2 800 науқас тіркеледі», — деді Цой Үкімет отырысында.

Ол сырқаттанудың өсуімен қатар өлім жағдайы көбейгенін атап өтті. Мәселен, наурызда ақпанмен салыстырғанда КВИ-ден қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті.

«Өлім жағдайларының 57 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстарына тиесілі. Сәуірде бір тәулікте тест тапсыратындар саны 48 мыңға дейін артқаны байқалады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бүкіл ел бойынша қосымша шектеу шаралары қабылданды», — деп толықтырды Цой.

Министрдің айтуынша, 12 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 30 109 инфекциялық төсек бар, оның 41 пайызы бос емес. Резерв қор — 32 065 төсек.

«Инфекциялық төсектің көп бөлігі Алматы облысында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда бос емес. Сонымен қатар, елорда мен Алматының әрқайсында 1200-ге жуық төсек-орын резерві бар», — деді ол.

Закон и порядок – ценность каждой семьи

В учреждении №19 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Ортақ меншікті бөлу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы...

Медиация институтына – 15 жыл

Сот – ақ пен қараны анықтап, азаматтардың құқығы мен...

Системная модернизация

ИЗВЕСТНО, ЧТО СРЕДИ КЛЮЧЕВЫХ НАПРАВЛЕНИЙ РАЗВИТИЯ СТРАНЫ ГЛАВА ГОСУДАРСТВА...