Жаңатаста төтенше жағдай режимі енгізілді

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала жарық пен жылусыз қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңатас қаласы мен Сарысу ауданында екпіні 30 м/с болатын қатты жел соққан.

«“ЖаңатасСуЖылу» МКК жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының жұмысы үшін жеткіліксіз болып тұр. Дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы шамамен 20 электр бағанасы құлады. Желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіруге мүмкіндік бермей тұр. Бағаналардың құлауына байланысты «ЖЭС» АҚ электр желілері тиісті кернеуді тарата алмай жатыр», — деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.

«Шахан» қосалқы станциясында тиісті қондырғының салқындауы орын алған. Жаңатас қаласындағы жылу жүйесіндегі суды ағызу туралы шешім қабылданған.

Жергілікті биліктің ұйымдастыруымен үш мектепте жылыту пунктері дайындалып, тұрғындар ыстық тамақпен қамтылып жатыр.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобына жергілікті билік, төтенше жағдай қызметі, энергетика және өзге де сала мамандары енді.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...