ҚАЖК басшысының орынбасары Алматы облысының колонияларына барды

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Өңірге жұмыс сапары барысында, ол Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығымен бірлесіп, барлық ведомстволық бағынысты мекемелерге барды.

Сапар барысында облыс мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың тұрмыстық жағдайлары қаралды. Сондай-ақ, әкімшілік ғимараттарды, режимдік корпустарды, медициналық бөлімді, сәлемдеме қабылдау бөлмелері мен ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерін, серуендеу аулалары мен өндірістік аймақтарды аралау жүзеге асырылды.

Сағат Мәдиев өтініштер, шағымдар беру үшін электрондық терминалдардың және жүкті сканерлеуге арналған тексеру қондырғыларының жұмысын тексеріп шықты. Мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен толық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылды.

ҚАЖК басшысының орынбасары, сондай-ақ, Алматы облысының мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке қабылдауды өткізді.

Қорытындылай келе, Төрағаның бірінші орынбасары Департамент басшылығы мен мекеме басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Тұтас бейнебақылау және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау жөнінде тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жұмыс орындарын ұлғайту үшін ҚАЖ мекемелерінде кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Сонымен қатар, Сағат Мәдиев қаза тапқан қызметкерлерді еске алып, №12 мекемеде орналасқан мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы мен Жетісу облысының аумағында 6 пенитенциарлық мекеме жұмыс істейді, оның 4-уі Заречный кентінде, 1-і Іле ауданында, тағы 1-і Талдықорған қаласында орналасқан.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...