Сенбілік шарасы өтті

Наурыз айының 25-ші жұлдызында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мемлекеттік мекемесінде мекеме аумағын тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасы өтті. Сенбілікке мекеменің барлық қызметкері бір кісідей атсалысып, әрбір бөлінген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Негізінде сенбіліктер экологиялық мәдениет қалыптастыруға және мекеме аумағындағы тазалық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға қызметкерлер барынша атсалысып, өз үлесін қосып келеді, — деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.

Сенбілік кезінде мекеме аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды.

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...

От нейросетей до собственного бизнеса: как IT Aiel и Aqyl Tech обучают казахстанцев новым цифровым навыкам

Искусственный интеллект становится не только технологическим трендом, но и...

РУХАНИ-ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

№68 мекемесінде бекітілген жоспарға сәйкес, облысымызға танымал тұлғамен тәрбиелік...

Ерлік пен елдікке тағзым

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №20 мекемесінде сотталғандарға...

Подвиг, ставший примером для поколений

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...