12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Екі ел ынтамақтастығының айқын көрінісі

   «Болашақ» халықаралық стипендиясы  елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері аталған стипендия бойынша мыңдаған қазақстандық мұхит асып, шетелде білімін жетілдіріп келді. Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым қазақ жастарының дүниенің төрт бұрышына барып, «инемен құдық қазып» қайтуына жасалған теңдессіз мүмкіндік. Оған қоса, дәл «Болашақ» секілді бағдарламаның баламасы әлемде некен-саяқ.

Таяуда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы ,ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған университет делегациясы Лондонда өткен ІХ Ұлыбритания-Қазақстан үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.Жиналған көпшілік отырыста екі ел жоғары білімінің заманауи үдерістері  мен жаңашылдықтарын талқылады.Шараның негізгі мақсаты-жоғары білім беру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту,білім беру жүйесіндегі өзгерістерге шолу,тәжірибе алмасу болатын. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы,ректоры Жансейіт Түймебаев, UK international universities директорының орынбасары Марк Кросси, ҚазҰҚПУ  ректоры Гүлмира Қанай, Хериот-Уатта университетінің проректоры және вице-канцлер орынбасары, профессор Марк Биггс, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Әнуар Жанғозин және өзге жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты.Шараға қатысушылар алдында сөз алған министр Саясат Нұрбек Қазақстан жоғары білім беру жүйесін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды.Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесінің жай-күйі мен жетістіктерін айтып,Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім саласына енгізген өзгерістері мен берілген міндеттеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар,жиынға қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық әріптестікті орнату мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлыбританияның Ланкастер, Лондон бизнес және қаржы мектебі, Орталық Ланкашир (UCLan), Бирмингем, Эдинбург бизнес мектебі, Хериот-Уотт, Тиссайд (Teesside), Оксфорд, Ноттингем сынды жоғары оқу орындарымен ұзақ жылдан бері тығыз қарым-қатынаста.2022 жылғы мәліметтерге сүйенсек, 16 студент, 7 докторант, 17 оқытушы, екі постдокторант Ұлыбритания жоғары оқу орындарына барып, түрлі конференцияларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысқан болатын.Қара шаңырақ ректоры Болашақ бағдарламасымен  оқып жатқан заң  факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушыларымен де кездескенін айта кеткеніміз жөн.Англия университеттері мен ҚазҰУ-дың бірге өткізген ғылыми жобалары,т.б іс-шаралары екі елдің ынтамақтастығының айқын дәлелі сынды.Айта кетерлік жайт,ғылыми жұмыстарды нығайту мақсатында Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы әзірленген болатын. Қазақстан мен Ұлыбритания жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік қатынастарды кеңейту бағытындағы іс-шаралар жалғасын табатыны сөзсіз. ІХ үкіметаралық комиссия отырысы барысында алға қойған мақсат,міндеттер,бірлесе атқаратын жобалар мен ғылыми зерттеулер,академиялық алмасулар бағытындағы жұмыстар жаңашылдыққа жол ашады деп сенеміз.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Әбдіхан Назым-заң факультетінің студенті

Қызылордада Антикор еріктілері жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері Қызылжарма кентінің Ы.Жахаев,...

Сотрудники УИС Алматинской области поздравили ветеранов тыла

День Победы над фашистской Германией во Второй Мировой войне...

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыл еңбеккерлерін құттықтады

1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңген күн...

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «МӨЛДІР БҰЛАҚ»

В декаде «Мөлдір бұлақ» республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»...