№7 Қалалық клиникалық аурухананың хирургтары семіздік салдарынан бірнеше ілеспе ауруларға шалдыққан пациентке аралас операция жасады

Бірнеше жылдан бері артық салмақтың зардабын тартып келе жатқан 33 жастағы келіншектің салмағы 145 кг асады. Салдарынан соңғы кезде тез шаршау, ентігу, тершеңдік, буын аурулары мазалайды екен. Қанша күрессе де нәтиже болмаған соң ол Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың бариатр-хирургы, профессор Мұса Сахиповтың қабылдауына келіпті, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Дәрігерлер жан-жақты тексеруден кейін пациентке хирургиялық емдеу әдісін ұсынды. Оған қосымша бауыр гепатозы, созылмалы холецистит, жоғары қан қысымы, гастроэзофагеальды рефлюкс, 1-типті ішек жарығы, предиабет, өт жолына тас байланған деген диагноздар қойылды.


Хирург Мұса Меңдібайұлы, хирург Фараби Стамқұлов, Ильяр Әбдірайым, анестезиолог-реаниматолог Марат Лекеров бастаған мамандар лапароскопиялық шағын гастрошунттау, крурорафия, холецистэктомия, іш қуысын дренаждау сынды отаны бір мезгілде жасап шықты. Күрделі симуляциялық ота бірнеше сағатқа созылды.
Қансыз операция нәтижесінде дәрігерлер асқазанды гастрошунттап қана қоймай, пациенттің өтіндегі тасты алды, өңеш-асқазан аймағының анатомиялық құрылымын реттеп, асқазан қыжылынан және ауыздағы ащы дәмнен арылтты. Операциядан кейін өңеш пен асқазан арасындағы клапанның жұмысы жақсарды.


Тағы бір айта кетерлігі, №7 ауруханада семіздікке шалдыққан науқастарды емдеу әлемдік тәжірибеде тиімділігі дәлелденген, артық салмақтан біржола арылуға мүмкіндік беретін әдістер ғана қолданылады.
«Пациент төртінші күні ауруханадан шықты. Ол белгілі бір уақыт диета ұстанып, ағзаға күш салмай, хирург, гастроэнтеролог, эндокринолог мамандардың амбулаториялық бақылауында болуы тиіс», — деді Мұса Сахипов.
Артық салмақ немесе семіздік бүгінде әлемдік проблемаға айналғаны белгілі. Салдарынан түрлі ілеспе аурулар пайда болып, адам өміріне қауіп төнеді. Семіздіктің соңғы кезеңдерінде диета мен жаттығулар нәтиже бермейді. Сондықтан бариатриялық хирургия мәселені шешудің тиімді әдісі ретінде қолданылады. Бариатриялық операция дене салмағы индексі 35-40 кг/м2 жоғары болған жағдайда ғана жасалады.

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...