Қазақстан мобилизацияға жарамды азаматтарды Ресейге ұстап бере ме – Министр түсіндірді

Қазақстанның ішкі істер органдары мобилизациядан қашқан ресейліктерді ұстап бермейді. Бұл жөнінде сейсенбі күні өткен брифингте Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр шетелдік азаматтарды халықаралық іздеуге жарияласа ғана қайтаруы мүмкін екенін жеткізді.

«Егер бұл қылмыстық құқық бұзушылық болса, бүгінде Ресей де, біздің тарап та Минск конвенциясының аясында және біздің парламенттер ратификациялаған құқықтық көмек көрсету аясында тапсыру жұмыстарын жүргізеді», — деді Ахметжанов.

Алайда ол халықаралық іздеуге жарияланған қылмыстық құқық бұзушылықтарға кінәлі қылмыскерлер туралы ғана айтып отырғанын баса айтты.

«Әскери комиссариаттардың іздеуі — бұл оларды экстрадициялауға заңды негіз болып табылмайды», — деп түсіндірді министр.

Ахметжанов сондай-ақ Ресейде мобилизациядан жалтару немесе іздеу жарияланған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалса, Қазақстан Республикасы мобилизацияға жататын ресейліктерді экстрадициялай алатынын жеткізді.

Егер азаматтың босқын мәртебесі болмаса немесе жүруі Қазақстан Республикасында қылмыс деп танылса, онда азамат экстрадицияланады.

Министр сонымен қоса адамды басқа мемлекетке экстрадициялауды шектейтін бірқатар себептердің де бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Владимир Путин Ресейде жартылай мобилизация жариялаған күн 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 98 мың ресейлік келген.

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...

Как мошенникам удается обмануть образованных людей?

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК РАЗДАЕТСЯ В СЕРЕДИНЕ РАБОЧЕГО ДНЯ. ВЕЖЛИВЫЙ ГОЛОС...

Наследство: что необходимо знать?

Утрата близкого человека помимо эмоциональных переживаний влечет за собой...