Түркістанға ерекше мәртебе беріледі

Түркістанға ерекше мәртебе беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын «, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Түркістан қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келгенін атап өтті.

«Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз», — деді ол.

Интернеттегі алаяқтық: бір сәттік сенім – үлкен шығын

Қазіргі таңда интернет күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Біз...

Сот актілерін жолдау және орындалуын қадағалау: маман тәжірибесіндегі маңызды тетіктер

Қылмыстық сот ісін жүргізудің нәтижесі мен әділдіктің салтанат құруы...

Қылмыстық процесс қатысушыларының өтініштерімен жұмыс: сыпайылық пен заң аясындағы жауап

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа келіп түсетін әрбір...

Конституциялық қағидаттар – құқықтық мемлекеттің берік негізі

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, елдің құқықтық...

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Еуропалық EU Reporter басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға...