Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан шығаратын құжатты қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...

От нейросетей до собственного бизнеса: как IT Aiel и Aqyl Tech обучают казахстанцев новым цифровым навыкам

Искусственный интеллект становится не только технологическим трендом, но и...

РУХАНИ-ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

№68 мекемесінде бекітілген жоспарға сәйкес, облысымызға танымал тұлғамен тәрбиелік...

Ерлік пен елдікке тағзым

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №20 мекемесінде сотталғандарға...

Подвиг, ставший примером для поколений

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...