Димаш Құдайбергеннің концертіне әлемнің 68 мемлекетінен туристер келеді

Димаш Құдайбергеннің Алматыда 23 қыркүйек күні өтетін концертіне билет қалмаған. Себебі 80 пайызы екі ай бұрын сатылып кетсе, соның төрттен бірін шетелдіктер алған. Бұған қоса меймандардың көптігінен алып шаһардағы қонақ үйлерде бос орын қалмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан» Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Камера назарына іліккен жанкүйерлер Димаштың концерті үшін арнайы Оңтүстік Африка, Америка, Перу, Франциядан келгендер.Ал жалпы Алматыға қазақ әншісінің кеші үшін әлемнің 68 мемлекетінен 600-дей турист келеді деп күтілуде. Олардың алды қалаға келіп, көрікті жерлерді тамашалап жүр.

«Қазақстанға, Димаштың Отанына алғаш келуім. Димаш бізге, яғни жанкүйерлерге бірлік пен достық сыйлады. Ол отбасымызды бағалауды, кеңпейіл болуды үйретті. Димаш шырқайтын әннің тілін, мағынасын түсінбесек те, оның дауысы жанға шипа, жүрекке жылу», — дейді Димаштың АҚШ-тан келген жанкүйері Норма Чавес.

«Мен Кейптауннан келдім. Димашты 2016 жылдан бері отбасымызбен тыңдаймыз. Шығармашалығын өте жоғары бағалаймын. Қай елде концерт берсе, сонда барамын. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын анамнан айрылып қалып едім. Сол қайғыдан мені Димаштың әндері ғана алып шықты», — дейді Димаштың Оңтүстік Африкадан келген жанкүйері Ивонна.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Алматыда 366 қонақ үй бар. Қазір ең ірі әрі 4-5 жұлдызды қонақ үйлердің көбінде орын жоқ.

«Жалпы, қыркүйек айында қалада көрмелер өтеді, жұмыс сапарлары жиілейді. Бірақ Димаштың концертінен болар, қонақтарымыз көптеп келіп жатыр. Бірнеше күнге адам қабылдай алмаймыз. Қонақүй лық толы», — дейді қонақ үйдің коммерциялық директоры Алмаз Дөненов.

Туризм басқармасындағылар да бұл жайтты растап, шаһардың меймандарды қарсы алуға дайын екенін айтып отыр.

«Алматы қаласындағы қонақ үйлердің толымдығы 38,4 пайызды құрады. Бұл өткен жылдағы сәйкес уақытпен салыстырғанда 17,7 пайызға өсіп отыр. Осындай іс-шара көбірек өткізілсе, инфрақұрылымды әрі қарай дамыту қажеттілігін көрсетеді», — дейді қалалық туристік-ақпараттық орталығы директорының орынбасары Бауыржан Пазылхайыр.
Димаштың жеке концертіне 30 мыңнан астам көрермен жиналмақ. Ал «Stranger» кеші пандемиядан кейін өткізілгелі отырған Алматыдағы ең ауқымды шара болмақ.

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді...

Сот қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының...

Активная роль суда и ее значение в становлении административной юстиции Республики Казахстан

Введение административной юстиции в Республике Казахстан стало одним из...

Сот ісін жүргізудегі жұмыс орнын цифрландыру

Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде мемлекеттік мекемелерде қызметтерді көрсетуді цифрландыру...

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл

Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының «Судьялар Одағының съезі»  1996 жылдан...