Руслан Анбаев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды

Петропавл қаласының әкімі болып Руслан Анбаев тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Петропавл қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын қалалық мәслихаттың 7 шақырылымы депутаттарының кезектен тыс 16 сессиясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ұсынды.

Депутаттар Руслан Анбаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдап дауыс берді.

Руслан Анбаев өз кезегінде өңір басшысына және депутаттарға көрсетіліп отырған сенімге алғысын білдірді.

Руслан Анбаев 1978 жылы СҚО Тимирязев ауданы Целинное елді мекенінде дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Мамандығы — экономист-менежер, агроном және юриспруденция бакалавры.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданында аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастаған.

2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарында салық қызметінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2015 жылдан 2019 жылға дейін СҚО әкімі апараты жетекшісінің орынбасары болды.

2019-2020 жылдары Мамлют ауданын басқарса, 2020 жылғы қазан айынан осы күнге дейін Тайынша ауданының әкімі болды.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...