ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мәсім К.К., Садықұлов А.Т., Ерғожин Д.Е., және т.б. Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі, 179-бабы, 2-бөлігі, 208-бабы, 3-бөлігі, 362-бабы, 4-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 7 айға – 06.08-2022 жылға дейін, Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13.08.2022 жылға дейін ұзартылды», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты түсініктеме берген. 

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...