Алматыдағы стихиялық қоқыстар енді спутник арқылы анықталады

Алматыдағы стихиялық қоқыстар енді жерсерік арқылы анықталады. Заманауи технологиялар қоқыс пен олардың шоғырларын табуға көмектеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, енді ғарыштық мониторинг көмегімен қалада жиналып қалатын үйінділермен күрес қолға алынады.

“Мониторинг нәтижелерін арнайы геосервис қадағалайды. Ол қоқыстың түрін, қашан пайда болғанын және оның орнын анықтауға мүмкіндік береді”, – дейді әкімдікте.

Жыл басынан бері геопортал Түрксіб және Медеу аудандарында 10 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтады. Жергілікті әкімдіктер аумақтарды тазарту жұмыстарын бастады.

Әдетте қоқыс алаңдары қаңырап бос жатқан жерлерде, қоршалмаған жеке құрылыссыз аумақтарда қалыптасады. Бұл қалаға қарасты елді мекендерде, Алматы облысымен шекаралас аймақтарда да жиі кездеседі.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...