Елімізде «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі алғаш рет табысталды

Қазақ тілін дамытуға үлес қосып жүрген тіл жанашырларына тағайындалған жаңа марапат табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгі елімізде тұңғыш рет табысталды.

Соңғы жылдары қоғамдық ұйымдардан мемлекеттік тілді дамыту мәселесін көтеріп жүрген азаматтарды марапаттау үшін салалық төсбелгі әзірлеу туралы ұсыныс түсті. Біз оны қолдап, қарастырып, шешім республикалық деңгейде қабылданды. Нәтижесінде «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгі әзірленді. Бүгін сол төсбелгімен алғашқыларды марапаттаудың сәті түсіп тұр. Олардың қатарында тілші ғалымдар, тілдік жобалардың авторлары, мектеп мұғалімдері мен ана тілімізге қолдау көрсетіп жүрген тіл жанашырлары бар. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, аталған марапат елімізде тұңғыш рет беріліп отыр.

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгінің иегерлері:

Мухамбедия Ахметов;

Роза Баттал;

Тайтөлеу Аймағанбетова;

Шерубай Құрманбайұлы;

Қыздархан Рысберген;

Татьяна Валяева;

Гүлнәрайым Қаңтарбекова;

Орынай Жұбай;

Құралай Күдеринова;

Қаратай Түлекеев;

Гүлхан Әлімбекова;

Рауан Кенжеханұлы;

Назгүл Қожабек;

Татьяна Бажиева;

Владислав Тен;

Алмагүл Игенова.

Әдеп – мемлекеттік қызметшінің кәсіби келбетінің негізі

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті және азаматтарға...

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, мемлекеттік...

3 сентября — день казахского тазы и тобета

3 сентября в Казахстане впервые отмечается День казахского тазы...

3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні

3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні алғаш...