Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деген есті сөз әлі де ел жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты «Тұрақты қалалар мен елді мекендер»,университеттің «Айналаңды нұрландыр» және кафедрамыздың «Рухани дүниемізді байытайық», «Мұражайлы Алматы» жобалары аясында білім алушылармен мәдени орталарға баруды жөн санадық. Бірінші кезекте,Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен «Шағала» қойылымы.Туынды ерекше форматта, жаңа үлгіде сахналанды. Спектакльдің декорациясы, реквизиттердің символдық мағынасы, режиссерлік шешім мен актерлердің шығармашылық ізденісі студенттерге ұнады.Қойылым бір сарынды емес,бірнеше оқиғалар желісіндегі А.Чеховтың үздік пьесасы.Келесі кезекте, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында «Құлагер» қойылымын көрдік.Туынды өзінің сырға толы лирикалық әндерімен халқының жүрегінен орын алған композитор Ақан Қорамсаұлының өмір-тағдыры да «Сүйегі жануардың жылқыдан жат…» деп суреттелген Құлагерімен байланысты. Сюжеттік құрылымы мен баяндау мәнері, Ақан трагедиясының бейнелену шеберлігі жөнінде орны бөлек І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы желісінде болды. Көріністе «басқан жері ойылып, шұңқыр болып қалатын» Құлагердің ерекше шабысы көрерменнің рухын оятып, тұлпарлар тұяғының дүбірі І.Жансүгіров мәтінінің сахналық жанды үлгісін көрсетті.Білім алушыларға халқымыздың отаншылдық рух, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны таразылайтын адам бойындағы өлшем, әділдікті ту еткен халық тағдырының шынайы бейнесі анық байқалды. «Театр — ең бекзат өнер» деген ұлылар сөзінің дәлеліндей мәдениет мекенінің тіршілігі заманмен бірге дамып келе жатқаны қуантты.
Жоғарыда аталып өткен жоба негізінде,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына бардық. Мұражай кешенінің жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайды. Жаңа мұражай тарих галереясы, Даңқ залы, университеттің Мұражайға Қазақстанның тұңғыш классикалық университетінің дәстүрге бай тарихынан сыр шертетін 5 000-нан аса тарихи құнды құжаттар мен сирек кездесетін мұражай экспонаттары қойылған. Қазіргі және болашақ даму залы сияқты үш экспозициядан тұрады. Мұражайға экскурсия барысында университеттің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер, білім беру жүйесінің жетілгендігі, халықаралық байланыстардың нығайғандығы, студенттердің қызықты кездері, жалпы университеттік кафедралар мен кітапханалардың қазіргі заманға сай инновациялық өсуімен танысуға болады.
Осы шаралар студенттер үшін рухани азық болды деп ойлаймын.Мәдени ошақтарды аралау білім алушылардың патриоттық сезімін оятып,ата-бабамыздан мұра болған дүниелерге ұқыптылықпен қарауға,қастерлеуге шақырады деп есептеймін.
Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к
Назарбаев Нұрсұлтан
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультетінің студенті