spot_img
spot_img

БҰҰ дабыл қағуда. Аштық мәселесін шешу қажет

Коронавирус пандемиясы салдарынан әлемде аштық мәселесі күрт өсті. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мәлімдеді.БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары 2 ашаршылық туралы алға тартқым келеді. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген баяндамада өткен жылы аштық салдарынан 811 миллионға дейін адам зардап шеккендігі жазылған. Аштыққа ұшырағандардың басым көпшілігі – Азия халқы. Олардың үлес салмағы 418 миллион адамды құрап отыр. Ал Африка мемлекеттерінде 282 миллион халық аштыққа ұшыраған. Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы мемлекеттерде де ұқсас жағдай. Аталған мемлекеттердегі ашыққандар саны 60 миллион адамға тең. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының іріктеуі бойынша, 34 млн адам аштан өлуі мүмкін. Бұл дегеніңіз азық-түлік жетіспеушілігінің 4 деңгейі. «Осыншама ауқымда адамдардың зардап шегуі әрине, алаңдатады»,-дейді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Цюй Дунъюй.

«Біздің парызымыз — адамдардың өмірін сақтап қалу үшін тиісті шаралар қолдану, тұрғындардың кіріс көздерін сақтап, жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеу».

Жұмыссыздық аштыққа, ал аштық халықтың елін тастап, босқын болуына әкелді. Осы тұста ЮНИСЕФ өкілдерінің айтқаны бар. Былтыр дүние жүзі бойынша 36 жарым миллион бала үй күйсіз қалған. Оның 13 миллион 700 мыңы шет елге босып кетсе, қалғаны өз елінде тентіреп жүр. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш дейді мамандар. Сарапшылар сондай-ақ соңғы 10 жылда әлемдегі босқындар саны 2 есе артқанын айтады. Оның тең жартысы бала. Мұндай мәселе туындағанда алдымен себебін анықтап, сосын шара қолданатынымыз бар. Сондықтан аштықтың таралу себебін іздейтініміз белгілі. Әлемде болып жатқан қақтығыстар, экономикалық қиындықтар, климаттың өзгеруі мен пандемия салдары жүз мыңдаған адамның аяқ-қолына тұсау салды. Сәйкесінше, тұрақсыздық орнап, мәселе артынан мәселе туындады. Мысалы, қақтығыс орнаған елді жұмыссыздық жайлады. Жұмыссыздық аштыққа, аштық халықтың елін тастап, босқын болуына әкеледі. Осы тұста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің айтқаны бар. Ол қақтығыс аштық пен жоқшылыққа, аштық пен жоқшылық қақтығысқа әкелетінін айтқан. Мәселен, Йеменді ашаршылық жайлаған, азық-түлік тапшы. Елдің мұндай халге түсуіне 2004 жылы басталған азамат соғысы себеп. Мәлімет бойынша, биыл Йемендегі ашыққан халық саны 16 миллионнан асады. БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының бас экономисі Ариф Хусейн коронавирус пандемиясы, валютаның құнсыздануы, босқындар мәселесі аштықтың етек жаюына әкелетінін атап өткен. Сондықтан кей елдерде тамаққан тарыққан халық жоқ­шылықтан қайтыс болып жатыр. Иә, пандемияның да әсерін жоққа шығармаймыз. Өйткені індет жағдайы тұралаған елдерді әбден титықтатқан. Әсіресе, азық-түлік бағасына, егін жинау науқанына әсер еткен. Әлем елдері «Қайтсек экономиканы тұралатпаймыз?» деп жоспар құрып жатқаны хақ. Десе де, тұрмысы төмен елдердегі табыс көзін сақтап қалу маңызды. Бас хатшының мәлімдемесі де осындай пікірмен үндес. Оның айтуынша, аштықтың алдын алу үшін гуманитарлық көмек көрсетіп, қажет деп көрсетілген 5,5 млрд долларды жинау қажет. БҰҰ өкілдері 2020 жылы миллиардерлер мен кәсіпкерлерді аштықтан қырылу қаупі бар 30 млн адамды құтқаруға шақырғаны да есімізде. Қазір адамзаттың басты мақсаты – аштық пен азық-түлік тапшылығының алдын алу.

Тілепбергенов О.Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға-оқытушысы,заң ғылымдарының кандидаты

Ел-тұтқа студенттер клубының жетекшісі

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...