Жеке құрам қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе салынды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе салынды.

Облыстық полиция департаментінің емханасы қызметкерлері эпидимолог дәрігер Бержанова Ұлмекен мен аймақтық медбике Бакеева Айгүл тергеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне яғни, түнгі ауысым мен күндізгі ауысымның қызметкерлеріне екпе салды. Олардың айтуынша бұл екпе күз және қыз мезгілінде қабынатын вирустың алдын алады. Сондай-ақ, екпе қабылдау арқылы аурудың жеңіл түрінен ғана өтеді.  Мекеме қызметкерлеріне салынған «Гриппол плюс» екпесінің құрамында «полиоксидоний» атты иммунитет көтеретін компоненті бар. Салынған екпе арқылы жеке құрам қызметкерлері әлсіздікті, тәбет болмау, т.б түрлерін болдырмайды. Қанша жаста болсақта екпе салдыруымыз өз деніміздің саулығы үшін. Қазіргі таңда елімізде вирус қаптаған. Тұмаудың түрлері өршіп тұр. Бір ауырғанда өзімізді қоярға жер таппайтындай күйде боламыз. Жұмыс уақытында арнайы емханаға барып дәрігер қарауына баруға уақытымыз болмайды. Мекемеге денсаулық саласының қызметкерлері келіп, тұмауға қарсы екпені ұжым болып бірлесіп қабылдадық. Арнайы уақыттарын бөліп мекеме жеке құрамына екпе салған қызметкерлерге алғысымыз шексіз,-деді Режим және Күзет бөлімінің басшысы әділет майоры Асылбек Төребеков.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Мөлдір Жолдасбекқызы

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен...

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...