СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның N:78-ші әйелдер мекемесінде Шымкент қаласы прокуратурасының «Сотталғандарды түзету — қауіпсіздік кепілі» жобасы аясындағы іс-шаралардың бағдарламасы таныстырылды.
Жобаның мақсаты мен міндеттері де сан қырлы. Айталық, ықтимал тәртіп бұзушылар санын азайту, мекемелерге тиым салынған заттардың ену, өзіне зиян келтіру және суицид фактілерін болдырмау, сотталғандардың бос уақыттарына арналған бағдарламаларын жасап, оны іске асыру, мекемелердегі жаза өтеушілер арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен жұмыспен қамту мәселелерін шешу сияқты ауқымды міндеттерді іске асыру көзделген.
-Жобаны іске асыру барысында біз жергілікті атқарушы органдар мен қылмыстық атқару жүйесі және полиция органдарының үйлесімді жұмыс стиліне барынша көңіл бөлеміз,- дейді, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Самат Қадыров.
Жобаны іске асырушылар бұл жолы мекеме ауласында шағын ғана шаштараз бен мекемеішілік сұлулық салонын іске қосыпты. Оған бос уақыттарын тиімді пайдаланып келушілердің де қарасы үзілген жоқ. Ал, арнайы оқу бағдарламасынан сәтті өтіп, жұмысына кірісіп кеткен хас шеберлер өз кәсіптеріне адалдық танытуда.


Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...