12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ел болашағы тіл тағдырына тікелей байланысты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, алайда, қазақ
тіліне деген құрметті арттыру қазіргі күні ең өзекті мәселелер қатарында.
Бұған оның шын мәнінде өз биігіне көтеріле алмай отырғаны дәлел. Бұл
олқылықты жою үшін мемлекет тарапынан ауқымды шаралар атқарылып
жатыр. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан, қазақ тілінің қолданыс
аясын кеңейтуге еліміздің әрбір азаматы атсалысуы тиіс.

Мемлекеттік тіл кез келген тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі
болғандықтан, оны жандандыру әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік
жүктейді. Бұл жауапкершілік Тіл туралы заңда «Қазақстан халқын
топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді
меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп
нақтыланған.
Сот саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қойылар
талаптар өте жоғары әрі қатаң. Соттар кіріс, шығыс, т.б. құжаттарын
мемлекеттік тілде жүргізеді. Қазақ тілінде қаралатын істердің, сондай-ақ, сот
актілерінің сапасы бұрынғыға қарағанда айтарлықтай артты. Бұған
мемлекеттік тілде шығарылған сот актілеріне тұрақты түрде жүргізілетін
мониторинг ықпал еткен айта кеткен жөн. Судьялардың барлығы істерді
қазақ тілінде қарайды. Қазақстандық соттар талапқа сай мемлекеттік тілде іс
жүргізуді сапалық белеске көтеріп отыр. Бірақ, сот ісін жүргізуде
азаматтардан келіп түсер мемлекеттік тілдегі талап арыздар көрсеткіші
көңілден шықпайды. Оның өзіндік себептері де жоқ емес.
Мысалы, заңдылық бойынша сотқа талап арыз қай тілде түссе, іс те сол
тілде қаралады. Бұдан әрі нақтыласақ, Азаматтық процестік кодекстің 14-
бабына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі
және онымен қатар ресми түрде орыс тілі, ал, заңда белгіленген
жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Бұл заңдылық Қылмыстық
процестік кодекстің 30-бабымен белгіленген. Осы себепті, қазақ тілінде
қаралатын істер санының артуына, яғни, салада мемлекеттік тіл мәртебесін
көтеруге қарапайым азаматтардың белсенділігі керек. Қазақ тілін дамытуда
сотқа жүгінушілер тарапынан мүдделілік басым болса деген тілегіміз бар.
Барлық қазақстандықты мемлекеттік тілді дамытуға үндеу мақсатында
Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған жолдауында «Қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын
кезеңі келді» деді. Біз Президенттің осы сөзін өзімізге бағдаршам етуге
тиіспіз.
Кемеңгер ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жүгінсек, «Ұлт болудың бір
емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық
тілді дамыту». Ақынның осы сөзі елдің тағдыры, яғни, болашағы – тіл
тағдырына тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың ең маңызды
бағыттарының бірі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында,
қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік
басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі екені Тіл
туралы заңмен айқындалған. Осы норманы еліміздің әрбір азаматы қатаң
ұстанса, мемлекеттік тіл туралы мәселе мүлде болмас еді. Қазақ тіліне деген
қажеттілікті арттыруда жүйелі жұмыстар үздіксіз жалғасуы керек.
Айсара Жилкибаева,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...